Page 187 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 187

ласуға дәрменсіздері дәстүрлі мәдени ерекшеліктерінен айырылып,
        отаршылдықтың  салдарынан  даму  үрдісін  басқа  бағытта,  яғни
        еуропалық үлгімен аралас бағытта жүргізуге мәжбүр болды.
            Сонымен  еуропалық  отаршылдық  саясат  шығыстық  дәстүрлі
        құрылымды өзгертіп, жергілікті өркениеттің жойылуына, халық-
        тың  қырылуына,  қанаушылық  пен  тонаушылыққа  әкелді.  Ал
        отаршылдыққа  дейін,  ежелгі  адамзат  өркениетінің  ірі  ошақтары
        қалыптасқан Шығыста мәдениеттің де, ғылымның да түрлі салалары
        дамып, өркендегенін білеміз.

          Ойлан
                     Осы кезеңде Шығыстағы ғылым мен мәдениеттің дамуына
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
                     не кедергі болды?



            Қытайда ғылым мен мәдениет дамыды. Жатжерлік басқыншылар-
        ға қарсы күрес жылдарында мәдениет салаларында, соның ішінде
        әдебиет пен өнердің түрлі жанрлары дүниеге келді. Ғылымның түрлі
        салалары да дамып, әлемдік өркениетке өз үлесін қосты. Қытайдың
        ұлы  фармаколог  дәрігері  Ли  Шичжэнь  өзінің  атақты  «Бэнь  цао
        ганму» — «Ағаштар мен өсімдіктер туралы» атты трактатында 1800
        әртүрлі дәрілік шөптер сипатталып және олардан дәрі жасаудың 10
        мыңнан астам тәсілі (рецепт) көрсетілген. Бұл кітап көптеген шетел
        тілдеріне аударылған.
            ХVІІ  ғасырда  өмір  сүрген  ғалым  Сун  Инсин  Қытайдың  ежел-
                                                                                       -
        ден  бері  жинақталып  келген  ауыл шаруашылығы  мен  қолөне
        рі  саласындағы  жетістіктерін  қорытындылап,  «Аспанның  бер-
        гендері  мен  адамдардың  ашқандары»  деген  атпен  сол  замандағы
        ғылым  мен  техниканың  даму  деңгейін  көрсететін  кітап  жазып
        шығарды.
            Қытай шеберлері тоқыма өндірісінде жіп иіретін білдектер (ста-
        нок) ойлап шығарды. Тоқымашылар маталарға суреттер салып то-
        қуды білген, осындай матаға салынған суреттерді «кэсы» деп атаған.
            Фарфор жасау ісі жетілдірілді. Металл балқыту үшін қажетті
        пештерді ойлап тауып, зеңбіректер мен мылтық жасау өнері дамыды.
        Қала баспаханаларында жылжымалы әріптер жасау ойлап табылды.
        Енді сарай газеттерін шығаруда осы әдіс қолданыла бастады.
            Кеме  жасаушылар  ірі  әрі  сапалы  кемелер  жасады.  Қалаларда
        құрылыс  ісі  өркендеп,  сәулетті  сарайлар,  көпірлер,  бекіністер,
        биік  мұнаралар  тұрғызылды.  Мин  империясы  тұсында  салынған
        осындай сәулетті сарайлар мен ғибадатханалар Пекинде әлі күнге
        дейін сақталған.

                                                                                    187
   182   183   184   185   186   187   188   189   190   191   192