Page 192 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 192
Үндістанның еуропалық отаршылдыққа тап болуы ХVІІ—ХVІІІ
ғасырлардағы мәдениеттің құлдырауына себеп болды.
ХVІІ ғасырда Иранда қала мәдениеті дамыды. Жаңа астана —
Исфаханда сәулетті сарайлар, мешіттер, медреселер салына бастады.
Әсіресе тамаша архитектуралық сәулет өнерінің көрінісі бола алатын
шахтың «Чехиль-сутун» сарайы мен шах мешітін және медресесін
атауға болады. Бұл құрылыстар күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Исфаханды әлемдегі ірі сауда орталығына айналдырмақ болып,
І Аббас шах қалаға армян саудагерлері мен қолөнершілерін көшіріп
әкеледі.
Иранда осы кезеңде қолөнер саласы жақсы дамыды, әсіресе
тоқыма өндірісі мен қыштан бұйымдар жасау, зергерлік өнері әлемге
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
әйгілі болды. Иран тоқымашыларының қолынан шыққан жібек
маталар, барқыт, екіжақты парча дүниежүзіне белгілі болды. Алтын
мен күміс беткейлі парчаларды француздар ерекше бағалаған. Киіз
бұйымдар, кілем тоқу, мақта мата бұйымдары кеңінен дамыған,
әсіресе Иранның Керман қаласының атақты кілемдері Еуропаға
тарады.
Капиталистік Еуропаның Азияның дәстүрлі өміріне баса-көктеп
енуі шығыстық феодалдық құрылыстың дағдарысын туғызды.
Шығыс елдерінде модернизация заманы басталды, яғни шығыстық
қоғам біртіндеп дүниежүзілік капиталистік жүйенің бір бөлшегіне
айнала бастады. Шығыстың зиялы қауымы, сауатты адамдары
еуропалық мәдени, ғылыми-техникалық жаңалықтарды өз елдерінде
қабылдаудың тиімді жолдарын қарастыра бастайды. Батыстық
өркениет үлгілері Шығыс қоғамына ене бастайды. Ғасырлар бойы
дәстүрлі мәдениетпен өмір сүріп келе жатқан Шығыс қоғамы
жатжерлік, өздеріне беймәлім батыстық мәдениетті жатсына
қабылдайды. Дегенмен отаршылдық қамытын киген елдер әлемдік
экономикалық жүйеге еріксіз тартылғандықтан, олардың мәдени
дамуы да Батыс пен Шығыстың өркениеттік жақындасуына мәжбүр
етті.
Шығыстық қоғамның еуропалық индустриалдық қоғамға
икемделуі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында басталды. Алдымен
білім беру жүйесінде өзгерістер жүргізілді. Бұрынғы дәстүрлі білім
беру жүйесінде мемлекеттік, әскери, діни қызметтер үшін білім
берілсе, енді жаңа заман талабына сай, экономика, қаржы саласы
мен әскери қызметтер, шетел тілін игеру сияқты салаларда білім
беру қажеттілігі туындайды.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Еуропамен тығыз байланыс
орнатқан Шығыс елдерінде мәдени өрлеу басталып, зайырлы
192