Page 193 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 193

білім алу, ғылым мен техника жетістіктеріне деген қызығушылық
        артты,  баспасөз  дамыды,  әдебиет  Қайта  өрлеу  дәуірін  бастан
        кешті. Индустриалдық қоғамдағы шығыстық ағартушылық үдерісі
        өркендеді.  Осы  кезеңдегі  ағартушылық  дәуірдің  көш  басында
        Үндістанда Рам Мохан Рай, Араб елдерінде — Египетте Рифаа ат-
        Тахтави және ливандық Бутрус-әл-Бустани, Иранда Мальком хан,
        Түркияда Намык Кемал, Жапонияда Фукудзава Юкити тұрды. Олар
        шығыстық  қоғамның  дәстүрлі  ағартушылық  дамуына  жаңа  леп,
        жаңа бағыт әкелген адамдар болды.


           Аныӧта
           Отаршылдыӧтан кейӠн Шыӣыс елдерӠнде ӣылымныӫ ӧандай салалары дами баста­
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
           ды?

            ХІХ ғасырдың ортасында — ХХ ғасырдың басында өркен жайған
        Шығыс  елдеріндегі  ұлт-азаттық  қозғалыстардың  идеологиялық
        жетекшілері,  олардың  ұлттық  ұрандары  осы  мәдени  дамудың
        әсерімен  жүріп  отырды.  Мәдениеттің  әр  саласында  құнды
        шығармалар дүниеге келді. Бұл дәуірдің мәдениет қайраткерлері
        өз елдерінің ұлт-азаттық қозғалысына үн қосып, азаттық жолын
        аңсаған мәдени туындыларын дүниеге әкелді. Әдеби шығармалар,
        ғылым  мен  техникадағы  жаңалықтар  жаңаша  сипатта  көрініс
        тапты. Батыстың озық мәдени үлгілерін жетік меңгеруге ұмтылыс
        туды.  Дәстүрлі  мәдениет  пен  жаңа  заманның  талабына  үн  қоса
        отырып, шығыстық әркениет әлемдік өркениеттің бөлінбес бөлшегіне
        айналды.


          ПӠкӠрталас
          Топӧа бӹлӠнӠп, отаршылдыӧтыӫ шыӣыстыӧ мәдениет пен ӣылымныӫ
          дамуына тигӠзген жаӣымды және жаӣымсыз жаӧтарын кӹрсетӠп тал­
          ӧылаӫдар.


          БӠлӠмӠӫдӠ тексер

          1.  Қытайдың  жаңа  дәуірде  шығыстық  ғылым  мен  мәдениетке  қандай  үлес
            қосқанын айтып бер.
          2.  Жапония мәдениеті мен ғылымы неге жедел дамыды деп ойлайсың?
          3.  Шығыс елдерінде әдебиет пен өнерде қандай көркемдік бағыттар дамыды?
          4.  Иран мәдениетінің қандай салалары жақсы дамыды?
          5.  Қытайдың әдебиет саласындағы қандай атақты шығармалары дүниеге келген?




                                                                                    193
   188   189   190   191   192   193   194   195   196   197   198