Page 190 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 190
қалыптастырды. Конфуцийлік этикалық саяси ілім-білім беру мен
саясатта алдыңғы қатарға шықты. Токугава заманында Жапонияда
білім беру саласы жақсы дамыды.
Ойлан
Жапонияда ғылым мен мәдениеттің дамуында қандай діни
ілімдердің ықпалы болды?
Осы кезеңде Жапонияда екі жоғары оқу орны ашылып,
еуропалық ғылымды игеру мен жапондық классикалық әдебиетті
зерделеу басталды. Әдебиет саласында қарапайым халықтың тұрмыс-
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
тіршілігін суреттейтін прозалық шығармалар, драмматургия мен
поэзияда да жаңа жанрлық шығармалар пайда болды.
Жазушы новеллашы Ихара Сайкаку, драматург Тикамацу
Мондзаэмон, поэзияда үш жолды өлең хайку жанрында жаза-
тын атақты Мацуо Басе, Еса Бусон, Кобаяси Исса сияқты шығар-
машылық өкілдерін атауға болады.
Жапонияда осы кезеңде еуропалық ғылым мен біліммен таныс
болған ғалымдар математика, география, медицина, баспа ісі мен
шетел тілін оқыту өрістей бастаған.
ХVІІІ ғасырдың ортасына қарай атақты Кабуки театрының өнері
қалыптасып, халық арасында кеңінен тарай бастаған.
Ал ХІХ ғасырдың ортасындағы Мэйдзи төңкерісінен кейін
реформалық жолмен қарқынды өркендей бастаған Жапония, Шығыс
елдерінің ішінде әлемдік өркениеттік дамуға өзіндік ерекшелігімен,
шығыстық мәдениетін сақтай отырып, сонымен қатар батыстың
ғылымы мен техникалық жаңалықтарын тез игеруге көшкен ел
болды. Ол «жапондық рух, батыстық техника» деген ұранмен
Шығыс елдерінің ішінде алғашқы болып, әлемдік капиталистік
жүйеге көшті.
ПӠкӠрталас
«Жапондыӧ рух, батыстыӧ техника» деген ӯран ӣылым мен мәдениет
тӠ дамытуда ӧалай кӹрӠнӠс тапты? Ӹз пӠкӠрӠӫдӠ бӠлдӠр. Сыныптастарыӫ
ныӫ пӠкӠрӠ ӧандай?
Үндістан халықтарының өзіндік дәстүрлі мәдениеті ғасырлар
бойы қалыптасты. Ұлы Моғолдар заманында дүниеге келген әдебиет
пен сәулет өнері саласындағы туындылар адамзат өркениетіне
қосылған тамаша мәдениет ескерткіштері болып саналады. Мыса-
190