Page 191 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 191

Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі











                                      Чехиль сутун сарайы
        лы, бүгінгі күнге дейін атақты әдеби шығарма «Рамаяна», Агра,
        Дели, Фатхпур мен Сикри өзіндік ерекшеліктерімен, ал архитек-
        туралық  құрылыстар  ғажайып  сәулетімен  таңдандыруда.  Бұл
        жетістіктерге  Үндістанның  халықаралық  байланыстарының
        жақ сы  дамуы  себеп  болды,  әсіресе  Орта  Азиямен  және  Иранмен
        байланыстары нәтижесінде осындай тамаша мәдени ескерткіштер
        дүниеге келді. Үндістанда оның тарихи даму ерекшелігіне сәйкес
        үнділік және мұсылмандық идеология қалыптасып, рухани және
        материалдық мәдениет салалары да осы бағыттарда дамыды. Билік
        етуші топтар халықтың еркін ойына тежеу салып, философия мен
        теология саласында тек үстемдік етуші билік өкілдерінің мүддесіне
        сай келетін уағыздарға жол ашылып, еркін қоғамдық пікірлерге
        қатаң  тыйым  салды.  Дегенмен  осы  қатаңдық  жағдайында  жол
        тауып, өз ойларын білдірген гуманистік ғұламалар болды. Делиде
        атақты гуманист-ойшыл, тарихшы, ақын Ахмад Аб дур-Рахим Шах
        Валиулла мұсылмандық өркендеудің уағыздаушысы болды. Ол өмір
        сүріп отырған қоғамның кемшіліктерін өткір сынға алып, әділетті
        заңға негізделген ақылды мемлекеттік қоғам құруға шақырды.



           Аныӧта
           ӬндӠстанда ӣылым мәдениеттӠӫ дамуында ӧандай кедергӠлер болды?

                                                                                    191
   186   187   188   189   190   191   192   193   194   195   196