Page 188 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 188
Ойлан
Қытайда осы заманда ғылымның қандай саласы жақсы
дамыды?
Көркем
мен
болған.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Ойлан
Қытайдың қандай қолданбалы өнер туындыларын атап
айтар едің?
Жаңа заман кезеңінде драматургия мен проза қарқынды дами
бастады. Ло Гуаньчжунның «Үш патшалық» романы да қытайдың
классикалық романдарының бірі болды. Онда Хань әулеті билігінің
соңғы жылдарындағы тақ үшін күрес пен халық ерліктері баяндалады.
Эпикалық прозаның дамуындағы келесі бір маңызды қадам
У. Чэньэннің «Батысқа саяхат» (Си ю цзи) романы. Оның жазылуына
негіз болған дереккөздері Қытай монахтарының Будданың отаны
Үндістанға сапары туралы жазылған новеллалар еді. Цин әулеті
билігі тұсында ең бірінші «Конфуцийшілдердің ресми емес тарихы»
атты сатиралық романы дүниеге келді. Оның авторы ХVІІІ ғасырдың
бірінші жартысында өмір сүрген, кедейленген атақты отбасында
дүниеге келген әдебиетші У.Цзинцзы еді. Ең танымал роман — Цао
Сюэциннің «Қызыл сарайдағы түс» романы болды. Бұл туынды
дәстүрлі Қытай романының ең биік шыңы деуге болады.
ХІХ ғасырдың соңында шетел тіліндегі шығармалар қытай тіліне
аударыла бастады. Ұлы аудармашыларының бірі Янь Фу Батыстың
философиялық еңбектерін аударумен айналысып, қытайлықтарға
Дарвин ілімін таныстырса, Линь Шу әдеби шығармаларды аудара
отырып, қытайлық оқырмандар назарына 100-ден астам шет
тіліндегі шығарманы ұсынды.
Ал сәулет өнеріне келетін болсақ, жаңа дәуірде архитектуралық
ескерткіштерді салуда сәулетшілер өз шеберліктерін көрсете білді.
Ұлы Қытай қорғаны құрылысы аяқталып, бірнеше ірі қалалар
көлемі кеңейтіліп қайта салынды және қорғаныс қамалдарымен
188