Page 189 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 189
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Аспан храмы
қоршалды. Ірі сәулет өнерінің керемет ескерткіші Мин және Цин
әулеті императорларының резиденциясы «Жабық қала» немесе
«Тыйым салынған қала» деп аталған Гугун сарайы Пекиндегі Импе-
раторлық қалашықтың ортасында орналасқан. Осы құрылыстың ең
бір ерекшелігі — бұл жерде бірде-бір пеш құбырын таба алмайсың.
Сол кездің өзінде жылуды еденнен өткізген. Яғни, құбырлар жер
астынан өткізілген. Сонымен қатар сол кезде сарай қызметшілері
үйді жылыту үшін ерекше отын пайдаланған. Қазіргі таңда бұл
құрылыс туристік орталыққа айналып отыр. Сонымен қатар осында
«Соңғы император» фильмі түсірілген.
Храмдар ансамблінің ең ірі ескерткіштерінің бірі — Аспан храмы.
Ол ХVІІІ—ХІХ ғасырларда қайта салынған болатын. Сарайлар
жиынтығы орналасқан дуалмен қоршалған тік төртбұрышты үлкен
алаң жердің символын білдірсе, ал храмның ішкі қоршауына
бекітілген ақ мәрмәрдан ойылып жасалған дөңгелек сызбалы
құрбандық шалатын орын күннің немесе аспанның белгісін білдірді.
Аныӧта
Ӧытайда осы заманда сәулет ӹнерӠнӠӫ ӧандай ескерткӠштерӠн атап айтуӣа болады?
Жаңа дәуірде Жапонияда синтоистік, конфуцийшілдік және
буддистік ілімдердің бірлескен үйлесімділігі көрініс тапты. Оның
көрнекті өкілдері Т. Тэдзима, Д. Накадзава және т.б. болды. Олар
Жапониядағы адам жанының құдіретін зерттейтін сингаку мектебін
189