Page 198 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 198

1813 ж. — Лейпциг түбiндегi «Халықтар шайқасы».
                 1814 ж. — Наполеон Бонапарттың  тақтан түсуі.
                 1814 — 1815 жж. — Вена конгресi.
                 1814 — 1830 жж. — Франциядағы Бурбондардың қалпына келтiрiлуi.
                 1815 ж., 20 наурыз — 22 маусым — I Наполеонның «Жүз күнi».
                 1819 ж. — АҚШ-тың Флориданы қосып алуы.
                 1823 ж. — АҚШ-тың «Монро доктринасын» жариялауы.
                 1828 ж. — АҚШ-та Демократиялық партияның құрылуы.
                 1830 ж. — Франциядағы шiлде революциясы.
                 1830 ж. — Бельгиядағы революция, Бельгияның тәуелсiздiгiнiң жариялануы.
                 1839 — 1870 жж. — Осман империясындағы Танзимат реформалары.
                 1840 — 1842 жж. — Қытайдағы бiрiншi «апиын» соғысы.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
                 1845 ж. — Алжирдегi көтерiлiс.
                 1846 — 1848 жж. — АҚШ-тың Мексикамен соғысы және АҚШ-қа Техас,
             Калифорния, Аризона, Нью-Мексико т.б. қосылуы.
                 1848 ж., 25 ақпан — Францияда Екiншi республиканың жариялануы.
                 1848 — 1849 жж. — Австрия, Пруссия, Италия, Франциядағы революция.
                 1849 ж. — Ост-Үндi компаниясының Үндiстанды жаулап алуды аяқтауы.
                 1850 — 1864 жж. — Қытайдағы тайпиндер көтерiлiсi.
                 1851 ж., 2 желтоқсан — Луи Бонапарттың мемлекеттiк төңкерiсi.
                 1852 — 1870 жж. — Франциядағы Екiншi империя.
                 1853 — 1856 жж. — Қырым соғысы. Париж бiтiмi.
                 1854 ж. — АҚШ-та республикандық партияның құрылуы.
                 1854  ж.  —  жапондық-америкалық  алғашқы  теңсіз  келісімшартқа  қол
             қойылды.
                 1856 — 1860 жж. — Қытайдағы екiншi «апиын» соғысы.
                 1857 — 1859 жж. — Үндiстандағы сипайлар көтерiлiсi.
                 1858 ж. — Ост-Үндi компаниясының жойылуы.
                 1859 ж. — Австро-итальян-француз соғысы.
                 1861 ж. — Итальян корольдығының құрылуы.
                 1861 ж. — 1865 — АҚШ-тағы азамат соғысы.
                 1862 ж. — АҚШ-тағы гомстедтер туралы заңның қабылдануы.
                 1862 ж. — Пруссияда үкiмет басына О.Бисмарктiң келуi.
                 1863 ж., 1 қаңтар — АҚШ-тың оңтүстік штаттарында құлдықтың жойылуы
             туралы заң күшіне енді.
                 1864 ж. — I Интернационалдың құрылуы.
                 1865 — 1877 жж. — АҚШ-тың оңтүстіктегі қайта құрылымдау кезегі.
                 1866 ж. — Австрия-Пруссия соғысы.
                 1866 ж. — Солтүстік-герман одағының құрылуы.
                 1867 ж. — АҚШ-тың Ресейден Алясканы сатып алуы.
                 1867 — 1912 жж. — Жапониядағы Мейдзи дәуiрi.
                 1869  ж.  —  Герман  социал-демократиялық  (эйзенахтық)  жұмысшы
             партиясының құрылуы.
             198
   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203