Page 200 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 200
ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ
Автономия — өзін-өзі басқару, мемлекеттің кейбір бөлігінің (көбінесе
ұлттық негізде) ішкі істерін өзі шешу құқы.
Акция — белгiлi бiр компанияның шығарған, оның иесiне осы
компанияның табыстарының белгiлi бiр үлесiн алуға құқығын беретiн, құнды
қағазы.
Антикалық — ежелгi гректер мен римдiктердiң тарихы мен мәдениетiне
қатысты деген ұғымды бiлдiредi.
Антисемитизм — ұлттық төзбестіктің бір түрі, еврейлерге қарсы
бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның түрі.
Арендатор — iрi жериеленушiден уақытша жердi жалға алушы және ол
үшiн жер иесiне жалақысын төлеп тұрушы шаруа.
Армада — көп кемелер тобы, iрi әскери флот. Мысалы, 1588 жылы
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
ағылшындар Испанияның «Жеңiлмейтiн армадасын» тас-талқан еткен
болатын.
Атеист — адам құдайды мойындамайтын немесе оның барына сенбейтін
діндар.
Ашар — Осман империясындағы жерді жалға алған шаруалардың төлей-
тін салығы.
Барокко — XVI ғасырдың аяғы — XVIII ғасырдың ортасындағы еуропалық
сәулет өнерінің басты стильдерінің бірі болды. Барокко өнері аристократия
мен шіркеудің күш-қуатын дәріптеуге шақырды.
Баж салығы — әкелiнетiн және шығарылатын тауарларға салынатын
салық.
Батырақ — жалдама қызметші.
Бейтараптық — басқа мемлекеттердің арасында болып жатқан соғысқа
араласпау және олармен бейбіт қатынастарды сақтап отыру туралы мемлекеттің
саяси және заңды ережесі.
Билль — Англия мен АҚШ-та маңызды заңдарды осылай атаған.
Боғдыхан — моңғол тіліндегі «богдохан» қасиетті билеуші деген мағынаны
білдіреді. Цин империясы тұсында Қытай императорларын осылай атаған.
Буржуазия, буржуа — орта ғасырларда қала тұрғындарын осылай
атаған; кейiнiрек — жалдамалы жұмысшылардың еңбегiн пайдаланушы
мануфактуралар, капиталистiк кәсiпорындар иелерiнiң аты.
Бюргерлер — Батыс Еуропадағы қала тұрғындары.
Бюрократия — жоғары шенеунiктер тобы, жоғары шенеунiк әкiмшiлiгi.
Варварлар — ежелгi гректер мен римдiктер жатжерлiктердi осылай
атаған.
Варналар — дәстүрлі үнді қоғамындағы адамдардың туғаннан айқын-
далатын әлеуметтік топтары. Варналар төрт кастаға бөлінеді: брахмандар,
кшатрийлер, вайшилер және шудралар.
Вассал — iрi жер иесi — феодалдан жер иелiгiн (феод.) алған, сол үшiн
оған қызмет етуге мiндеттi феодал.
Вилайеттер — Иран мен Осман империясындағы басып алынған жерлерден
тұратын әкімшілік аймақтар.
Гегемония — басымдылық, үстемдік.
200