Page 205 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 205
қозғалыстың әртүрлі деңгейлерінде төңкерістік немесе либералды бағыттары
басымдыққа ие болды.
Халықтық өкілдік — мемлекеттік басқару органдарына халық арасынан
сайланған өкілдің қатысуы.
«Халыққа бару» — XIX ғасырдың 70-жылдары халықшылдардың жеке
насихаттауы арқылы шаруаларды төңкеріліске шақыруы.
Шовинизм — ұлтшылдықтың шектен шыққан түрi, ұлттық артықшы-
лықты уағыздау. Шовинизм басқыншылық соғыстарды, ұлтаралық алауыз-
дықтарды ақтайды.
Ымыра — мүмкiндiгiнше мүдделi жақтардың барлығына тиiмдi шешiм.
Эдикт — корольдың, императордың ерекше маңызды жарлығы.
Эмигранттар — бұл жерде: революция кезiнде оған жаулықпен қараған
және Францияны тастап кеткендер.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Энциклопедия — ғылымның барлық салалары бойынша мақалаларды
бiрiктiрген ғылыми-анықтамалық басылым.
Эскадрон — жаяу әскер ротасына барабар атты әскер бөлiмi.
Этика — қоғамға, адамдарға сыпайылықпен қатынас жасаудағы мiнез-
құлық, әдеп қалыптарының жүйесi.
Юнкер — Пруссиядағы дворян жер иелеушi, помещик.
Янычарлар — орта ғасырларда түрік әскері қатарына арнайы қолға түскен
тұтқындардан құрылған жаңа әскер түрі. ХVШ—ХІХ ғасырдың басында
янычарлар сұлтан өкіметіне қауіп төндіріп, үлкен күшке айналады. ІІ Махмұт
сұлтан (1808—1839) 1826 жылы янычарларды таратып жіберді.