Page 204 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 204
Сеньор — Батыс Еуропадағы феодал, өзіне тәуелді шаруалар болған жер иесі.
Сепаратизм — мемлекет аумағының бір бөлігін бөліп тастап жаңа дербес
мемлекет құру мақсатында оқшауланған саясаттың бағыты.
Сипайлар — ағылшын отаршылдығы кезінде еуропалық офицерлер
басқарған әскер қатарында қызмет етуге үйретiлген және қаруланған
үндiстандық жалдамалы әскерлер.
Сипахи — Осман империясындағы атты әскерлер, ХV—ХІХ ғасырларда
негізгі әскери күш иелері болған.
Собор — 1) қаланың немесе монастырьдың басты храмы; 2) маңызды
шiркеу және дiни мәселелердi талқылау үшiн шақырылатын жоғарғы дiни
басшылардың жиналысы.
Танзимат — ХІХ ғасырлардың ортасында Осман империясында жүргізілген
реформалардың атауы.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Тайпиндер — «тайпин» — «ұлы игілік» деген сөзден шыққан, ұлы игілік
заманын құруға ұмтылған Қытайдағы 1850—1864 жылдардағы шаруалар
көтерілісі осылай аталды.
Талья — XV—XVIII ғасырда Францияда жер мен мүлікке салынатын
негізгі тікелей салық. Бұл салықты тек шаруалар мен қала тұрғындары
(буржуа мен қолөнершілер) ғана төледі. Дворяндар мен діни адамдар бұл
салықтан босатылған болатын.
Трактат — баяндау түрiндегi ғылыми шығарма.
Трансатлантикалық құл саудасы — Американың плантацияларына еңбек
ету үшін құлдарды Африкадан әкелу үдерісі. Африкалық құлдардың алғашқы
тобы Америкаға 1510 жылы келді. Трансатлантикалық құл саудасының басы
осылайша өрбіді.
Трест — өндірістік және коммерциялық операцияларды орталықтанды-
рылған бір типтес кәсіпорындардың монополистік бірлестіктердің түрі.
Уния — одақ.
Утопия — жер бетiнде жоқ, идеалдық қоғамды суреттеу; орындалмайтын,
iске аспайтын арман. Әлеуметтiк утопия — өмiрде жоқ, бiрақ автордың
ойынша, ең әдiлеттi, ең жақсы қоғамдық құрылыс.
Фабрика — мәшине өндірісіне негізделген ірі кәсіпорын.
Фактория — көпестердiң отарларда ұйымдастырған сауда кеңсесi және
қонысы.
Федералистер — XVIII ғасырдың соңында — XIX ғасырдың басындағы
АҚШ-тағы саяси партия, ірі саудагерлер мен құлиеленуші-плантаторлардың
мүдделерін жақтады, АҚШ-тың федералдық үкіметін күшейтуге ұмтылды.
Федерация — белгiлi бiр дербестiкпен пайдаланатын бөлiктерден тұратын
одақтық мемлекет.
Феод — сеньордың өз бағыныштысына әскери қызмет атқарғаны үшiн
берген мұрагерлiк жер иелiгi.
Философ — дүниеге және ондағы адамның орнына көзқарас жүйесiн
жасаушы, дүниетаным проблемаларын зерттеушi ғалым-ойшыл.
«Халық еркіндігі» — патшаны өлтіру арқылы шаруаларды төңкеріске
шақыруды көздеген халықтық ұйым.
Халықшылдық — шаруалар қауымына иек артып социализмге қол
жеткізуге ұмтылған ресейлік қоғамдық қозғалыс бағыты. Халықшылдық
204