Page 203 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 203
Натуралды шаруашылық — өнімдер базарда сату үшін емес, ішкі
қолданысқа арналып шығарылатын шаруашылық.
Нәсілдік кемсітушілік — құқықбұзушылық болып табылады, ол нәсілі
бойынша құқықтарды шектеу, қысым жасау, сондай-ақ нәсілші идеяларын
насихаттау.
Отар — шет мемлекеттің билігіндегі тәуелді, жеке саяси және эконо-
микалық билігі жоқ, ерекше тәртіптің негізінде басқарылатын аймақ.
Отаршылдық — еуропалықтардың алыс жерлер мен елдердi басып алу
мен олардың байлықтарын тонауға бағытталған саясаты.
Өнеркәсiптік төңкерiсi — қол еңбегiнен мәшинеге, мануфактурадан
фабрикаға өтуі. Өнеркәсiп төңкерiсiнiң барысында индустриалды буржуазиялық
қоғамның негiзгi екi табы — буржуазия мен пролетариат қалыптасты.
Плебейлер — төменгі сословиелердің ішінен шыққан қарапайым адамдар.
Пресвитериандар — шiркеудi дін қызметкерлерінің пресвитериандық
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
жиналысы басқару керек деп есептейтiн протестанттар. Олар алтарьларға,
иконалар мен балауыздарға қарсы шығып, құдайға құлшылық етудегi басты
нәрсе дұға оқу емес, пресвитердiң уағызы деп есептеген.
Пролетарлар — капиталистiк кәсiпорында еңбек етушi жалдамалы
жұмысшылар.
Протекторат — Англиядағы 1653—1659 жылдардағы мемлекеттi басқару
түрi, республиканы осы кезде лорд-протектор (қорғаушы) О.Кромвель басқарды.
Протекционизм — мемлекеттiң өз өнеркәсiбiн қорғауға бағытталған
саясаты.
Протестанттар — реформацияның жақтастары.
Радикализм (лат. radicalis — түпкі) — қызмет объектісінде айтарлықтай
өзгерістерге қол жеткізу мақсатында шешуші көзқарастарды, шешуші
әрекеттерді қолдану.
Радикал демократтар — «Ұлы реформалар» дәуірінде демократияның
абсолютті бірізді әрекетінің жақтаушылары
Реализм — әдебиет пен өнерде стилі мен әдіс, шыншыл шындықты
көрсетуді мақсат етіп қояды.
Рококо (франц. rokoko — ұлу қабыршағы) — Францияда пайда болған
өнер. Оған тән сипаттарға әсемдік, интерьер мен композициялардың сәндік
үлгілері жатады.
Революция — қоғам өмiрiндегi түпкiлiктi бетбұрыс, түбегейлi өзгерiс.
Революция әртүрлi салада: қоғамдық қатынастарда, техникада, ғылымда,
мәдениетте, санада орын алады. Қоғамдық қатынастар саласындағы
революциялар әлеуметтiк деп аталады.
Рекрут — (франц. rйcruter) әскери міндеткерлік немесе жалдану арқылы
әскери қызметке қабылданған адам.
Реформа — өзгерiстер, қайта құрулар.
Самурайлар — Жапониядағы әскери дворяндар. Әскери, әулет, әлеумет
сословие ретінде VІІІ ғасырда пайда болып, ХІІ—ХІV ғасырларда Минамото
сегунаты кезінде ресми қалыптасты.
Сегун — әскербасы, әскери билік иесі, ХII—ХIХ ғасырлардағы Жапония-
ның iс жүзiнде билеушiсi.
Секта — дiни қауымдастың үстемдiк құрушы шiркеуден бөлiнген тобы.
203