Page 202 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 202

Конкистадорлар — жаңа дүниенi жаулап алуға қатысқан испан әскерлерi.
                 Конституция — мемлекеттiк органдарының құрылысы мен қызметiнiң
             принциптерiн белгiлейтiн оның негiзгi заңы. Конституцияда азаматтардың
             негiзгi құқықтары мен бостандықтары белгiленедi.
                 Контрибуция — (лат. contributio) жеңілген мемлекеттің жеңген мемле-
             кеттің пайдасына төлейтін салығы.
                 Контрреформация — Реформация жылдарында католицизмнiң шептерiн
             қалпына келтiрудi мақсат етiп қойған, Рим Папасы басқарған католиктiк
             шiркеудiң қарсы шабуылы.
                 Құқықтық мемлекет — әрбiр азаматтың өмiр сүру, жекеменшiк иелену
             және жекебасының құқықтарына заңмен кепiлдiк берiлген және қорғалатын
             мемлекет. Құқықтық мемлекетте барлығы  заңға бағынады, заң алдында тең,
             заңды орындауға барлығы да мiндеттi. Мұндай мемлекетте өкiметтi зорлық-
             зомбылық және бұрмалаушылықтан тежейтiн механизмдер жолға қойылған.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
                 Латифундиялар — жеке меншіктегі ірі жер учаскелері.
                 Лендлордтар — Англиядағы iрi жер иеленушiлер.
                 Либерализм  (лат.  liberalis  —  еркін)  —  кең  саяси  және  экономикалық
             еркіндіктерді  (атап  айтқанда,  кәсіпкерлік  еркіндік,  пікір  бостандығы,
             кемітілмеген парламентаризм және т.б.) заңды әдістермен қорғайтын ілім әрі
             қоғамдық-саяси ағым. Либерализмнің басты мақсаты — тұлғаның еркіндігін
             және индивидтің басқа да азаматтық және саяси құқықтарын қамтамасыз
             ету, мемлекеттің қызметін шектеу.
                 Либералды — еркін, еркін ойлайтын, азат ойлы.
                 Либералды халықшылдық — «халыққа қарай жүрудің» сәтсіздігінен соң
             пайда болған және социализмге заңды амалдар арқылы жетуді көздеген ағым.
                 Лига — одақ, бiрлестiк.
                 Мануфактура — қол еңбегiне негiзделiнген (бiрақ техникалық жаңалықтар
             қолданылған) және жұмысшылардың арасында еңбек бөлiнiсi болған кәсiпорын.
                 Маргиналдар — корпорациялардан тыс, аралық жағдайлардағы адамдар.
                 Марксизм — қазіргіні материалистік талдау мен болашақты социалистік
             тұрғыда елестетуге негізделген К.Маркс пен оның ізбасарларының көзқарас-
             тарының жиынтығы.
                 Меджилис — Иран мен Осман — түрік мемлекеттеріндегі және басқа да
             мұсылмандық елдердегі парламенттің атауы.
                 Микадо — Жапониядағы императордың атауларының бірі. Бұл импера-
             торға қатысты атауды жапондықтардан бұрын шетелдіктер көбірек қолданған.
                 Милитаризм  —  мемлекеттiң  қаруланып  соғысқа  әзiрлену  жолындағы
             реакциялық  саясаты.  Милитаристiк  елдерде  бұл  мақсатқа  бүкiл  саяси,
             экономикалық және идеялық өмiр бағындырылады.
                 Миссионерлер  —  христиан  дiнiн  тарату  мақсатымен  басқа  елдер  мен
             жерлерге жiберiлетiн дiни уағызшылдар.
                 Монархия — мемлекеттiк билiк атадан балаға мирас болатын басқару
             жүйесi.
                 Монополия — бiр нәрсенi шығаруға, сатуға, пайдалануға ерекше құқық-
             тылық.
                 Муниципалитет — жергілікті басқару органы.
                 Мэйдзи — (1868—1912 жж.) Жапонияда билік еткен жапон императоры
             Муцухитоның дәуірі.
             202
   197   198   199   200   201   202   203   204   205   206   207