Page 197 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 197

1756 — 1763 жж. — ағылшынның Ост-Үндi компаниясының Үндiстанды
        отарлауы.
            1759 ж. — Абылай ханның Қытайға бiрiншi сауда керуенiн аттандыруы.
            1773 ж. — Англияда Үндiстанды басқару туралы заңның қабылдануы.
            1774 ж. — Ресей мен Түркия араларындағы Кучук-Қайнарджи бiтiмi.
            1774 ж. — Филадельфияда бірінші құрлықтық конгрестің мәжілісі.
            1775  —  1783  жж.  —  Англияның  солтүстiкамерикалық  отарларының
        тәуелсiздiк үшiн соғысы.
            1776 ж., 4 шiлде — АҚШ-тың құрылуын жариялаған тәуелсiздiк декла-
        ра циясының қабылдануы.
            1783 ж. — Версаль бiтiмшарты. АҚШ-тың тәуелсiздiгiн мойындау.
            1787 ж. — АҚШ Конституциясының қабылдануы.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
            1789 ж., 5 мамыр — Франциядағы Бас штаттардың ашылуы.
            1789 ж., 14 шiлде — Бастилияның алынуы. Француз революциясының
        басталуы.
            1789  ж.,  26  тамыз  —  Адам  және  азамат  құқықтары  декларациясын
        қабылдауы.
            1791 ж. — ағылшын Маккартнидiң Қытайдағы елшiлiгi.
            1791 ж. — Құрылтай жиналысының Францияның тұңғыш Конституциясын
        қабылдауы.
            1792 ж., 10 тамыз — Францияда монархияның жойылуы.
            1792 ж., 21 қыркүйек — Францияда Бірінші  республиканың орнатылуы.
            1793 ж. — якобшiлдер диктатурасының орнатылуы.
            1794 ж., 27 шiлде (9 термидор) — Франциядағы термидорлық төңкерiс.
        Якобшiлдер диктатурасының құлатылуы.
            1795 ж. — 1799 — Францияда үкiмет басында Директорияның кезегі.
            1795 ж. — Алжир мен АҚШ араларындағы шарт жасалуы.
            1796 — Иранда Каджарлар әулетi билiгiнiң орнауы.
            1799  ж.,  9  қараша  (18  брюмер)  —  Франциядағы  мемлекеттiк  төңкерiс
        және консулдық биліктің орнатылуы.
            1803 ж. — АҚШ-тың Луизиананы сатып алуы.
            1804 ж. — Наполеон Бонапарттың Францияның «императоры» атағын
        қабылдауы және Бірінші империяның жариялануы.
            1805  ж.  —  янычарлардың  сұлтан  III  Селимнiң  реформаларына  қарсы
        бүлiк шығаруы.
            1805 ж. — Трафальгар мүйісі жанындағы шайқас, адмирал Нельсонның
        жеңісі.
            1805 ж. — Аустерлиц түбiндегi шайқас.
            1812 ж. — Ресейдің Наполеон әскерлерімен Отан соғысы.
            1812 ж., 7 қыркүйек — Бородино шайқасы.
            1812 — 1814 жж. — ағылшын-американ соғысы.
                                                                                    197
   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202