Page 201 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 201
Гетто — ұлттық, нәсілдік немесе діни белгілері бойынша адамдарды
мәжбүрлеп қоныс аударуға арналған қаланың бір бөлігі.
Гуманизм — адамды құрметтеп, сүюдi насихаттап, оның өмiрiн ең жоғарғы
құндылық деп жариялаушы идеялар мен көзқарастардың жиынтығы.
Ғылыми революция — ғылыми жетiстiктердiң негiзiнде адамдардың
дүниеге көзқарастарының өзгеруi.
Декабристер — XIX ғасырдың бірінші жартысында тарихи әдебиетте
қолданылған, 1825 жылы 14 желтоқсанда алғашқы рет басыбайлылық
құқыққа, самодержавиеге қарсы қару алып, күреске шыққан құпия
ұйымдардың қатысушыларының атағы.
Диван — түрiк сұлтанының маңындағы уәзiрлер мен iрi шенеунiктерден
құралған кеңес.
Дипломатия — сыртқы саясат саласындағы қызметтік әрекеттер.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Дредноут — желілік кемелердің белгілі бір сыныбы.
«Еңбектің азат етілуі» — Плеханов негізін қалаған Ресейдегі алғашқы
марксистік ұйым.
Еңбекпен өтеу — помещикке тиесілі жерлерді пайдалану ақысы ретінде
еркін шаруаның помещиктің шаруашылығында жұмыс істеуі.
Еріктілер — әскери қызметке ерікті түрде кірген адамдар немесе өз еркімен
өтеусіз қоғамға пайдалы қызметпен айналысатын адамдар.
Еуроцентризм — Еуропаға басқа халықтар елiктейтiн үлгi дейтiн түсiнiк.
Жалпыға бiрдей сайлау құқығы — заңда белгiленген жасқа жеткен барлық
азаматтардың мемлекеттiк билiк органдарын сайлауға қатысу құқығы.
Жасақ — соғыс уақытында қоғамның әскери міндетті емес таптарынан
құрылған әскери құрылымдар. Мұндай әскерге өз Отанын қорғауды қалаған-
дар кірді.
Иезуиттер — «Иисус орденi» деп аталатын католиктiк дiни бiрлестiктiң
мүшелерi.
Инквизиция — католиктiк шiркеуде еретиктермен, шiркеудiң басқа да
қарсыластарымен күресу үшiн құрылған дiни сот.
Кавалерлер — Англиядағы азаматтық соғыс кезіндегі корольды жақ-
таушылар.
Кальвинизм — Реформация кезiнде Ж.Кальвин негiзiн салған протестан-
тизмнiң бiр ағымы.
Қаржы капиталы — банктік және өнеркәсіптік капиталдардың қосы-
луының нәтижесі.
Капиталистiк кәсiпорын — қосымша пайда табу мақсатымен жеке кәсiпкер
құрған және жалдамалы жұмысшылардың еңбегiн пайдаланатын кәсiпорын.
Каста — дәстүрлі үнді қоғамындағы белгiлi бiр кәсiп немесе шығу тектерi
бiрiктiретiн адамдардың томаға-тұйық тобы.
Классицизм — ХVII ғасыр мен ХIХ ғасыр басындағы еуропалық әдебиет
пен өнердегi бағыт. Оның негiзiне антикалық өнердiң үлгiлерi алынды.
Коалиция — жалпы саяси, экономикалық немесе әскери мақсаттарға жету
үшiн құрылған саяси топтардың, мемлекеттердiң бiрлестiгi, одағы, келiсiмi.
Кодекс — заңдарды жүйеге салушы бiртұтас құқықтық акт, ережелердiң,
нанымдардың жиынтығы.
Конгресс — съезд, жиналыс. АҚШ-та заң шығарушы орган (парламент).
201