Page 143 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 143
Баязет Түркияда қалды. Ресейге Оңтүстiк Бессарабия қайтарылып,
Добруджа Румынияға өттi. Сондай-ақ Черногория, Сербия және
Румыния тәуелсiздiгi бекiтiлдi.
Берлин трактаты бойынша Болгарияның аумағы бiрден қыс-
қартылды. 1877—1878 жылдары болған орыс-түрiк соғысы Балқан
халықтарының ұлттық тәуелсiздiк алуына мүмкiндiк бердi, ол
Болгария ұлттық мемлекетiнiң құрылуын тездеттi.
Аныӧта
Картадан Берлин трактаты бойынша кӠмдерге ӧандай жерлер ӹткенӠн кӹрсет.
Ресеймен достық қатынастан айырылған Бисмарк Австро-
Венгриямен жақындасуға тырысты. 1879 жылы 7 қарашада Венада
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Австро-Герман шартына қол қойылды. Италияның Тунистi басып
алуы Германия тарапынан қолдау тапты.
Әскери-саяси блоктардың құрылуы. Берлин конгресiнiң нәти-
жесiнде қалыптасқан Еуропадағы күштердiң жаңа арасалмағы,
мемлекеттердiң отар шылдық бәсекелесiнiң көрiнiс табуы (ең
алдымен Англия мен Францияның және Англия мен Ресейдiң)
Үштiк одақтың қалыптасуына әсер еттi.
Батыс мемлекеттерiнiң дүниежүзiн қайта бөлiсу күресiнiң
күшеюiне байланысты олардың бәсекелестiгi 80-жылдардың басында
жаңа аудандарға тарады. Ежелгi отаршыл мемлекеттердiң iшiнде
Англияның әртүрлi бағыттардағы қимылдары табысты болды: ол
Қытайда, Ауғанстанда, Оңтүстiк-Шығыс Азияда, Оңтүстiк Африкада,
Жерорта теңiзiнiң шығыс бөлiгiнде өз ықпалын нығайтты. Одан
Франция да қалыспады. Бұрын басып алған аумақтарды қанауын
жалғастырып, отар және жартылай отар елдерге едәуiр мөлшерде
қаржы бөле отырып, жаңа жерлердi басып алуға ұмтылды. Бұл
жөнiнен Германия тарапынан қолдау тапты; себебi, ол Францияның
назарын еуропалық саясаттан аударып, француз капиталын
отар аймақтарға бағыттап, келешекте ағылшын және итальян
капиталымен бәсекеге итермелеуге тырысты.
Италия буржуазиясы Германиямен жақындасуға бет бұрды.
Ондағы мақсаты онымен ортақ бәсекелестерi — Францияға қарсы
бiрiгу болатын. Ол үшін Италия алдымен австро-герман одағына
ену үшін Австро-Венгриямен келiсiмге келу жолын қарастыруға
тиiс болды. Нәтижесiнде 1882 жылы 20 мамырда Германия, Австро-
Венгрия және Италия арасында Үштiк одақ деп аталатын одақтық
шартқа қол қойылды. Шарт 5 жылға жасалынды және ол әрбiр
5 жыл сайын жаңартылып отыру арқылы 1887 жылға дейiн созылып
келдi. Шарт Үштiк одақтың әрбiр қатысушы мүшесi басқа елмен
соғысып қалған жағдайда Франциядан басқа елдерге бейтараптық
143