Page 124 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 124
Батыспен астасып, онымен бірге біртұтас мәдениетті орта құру
еді. Славяншылдар, керісінше, әр халықтың өзіндік ерекшелігін
қолдады. Славяншылдар І Петр қызметін теріс бағалады, оның
реформалары Батыстан алынған, Ресейге қажетсіз және ол қоғам-
дық алауыздыққа алып келеді деп санады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейдегі қоғамдық-саяси
күресте мемлекеттік құрылыс туралы мәселе туындады. Революция-
лық қозғалыстың негізгі нысаны халықтық болды.
Ойлан
Батысшылдар мен славяншылдардың арасындағы негізгі
айырмашылық неде болды деп ойлайсың?
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Халықшылдар. 70-жылдары революциялық халықшылдардың
ірі теоре тиктері М.А.Бакунин, П.А.Лавров және П.Н.Ткачев
болды. Халықшылдар халықты, бірінші орында шаруаларды
нақты саяси күш деп қараған және өздерінің басты міндеті саналы
әрі ұйымдасқан күшке айналдыру деп санаған. Олар шаруаларды
революцияға шақырды.
Анархиялық бағытты М.А.Бакунин басқарды. Оның пікірінше,
бұқара халық шешуші рөл атқаруы тиіс. Ресейде шаруалар
революциялық күш, сондықтан оны біріктіріп, жауынгерлік
бүлікшіл жолмен көтеру керек деді.
Екінші теориялық бағытты («насихаттық») П.Л.Лавров басқарды.
Лавров орыс халқын революцияға дайын деп ойлаған жоқ. Тек
жүйелі үгіт-насихат, халық арасында көшбасшыларды тәрбиелеу,
оның пікірінше, революциялық әрекеттер үшін қажетті жағдайларды
қамтамасыз ете алады деп есептеді.
Халықшылдықта үшінші бағытты П.Н.Ткачев басқарды. Ол
орыс революционерлеріне: «Бүлікті кешіктірмеңдер», — деді, себебі
капитализмнің дамуы, оның пікірі бойынша, идеяны іске асыруға
және реакция күшін нығайтуға кедергі жасауы мүмкін еді.
1876 жылы Санкт-Петербургте халықшылар «Жер және еріктілік»
деген жасырын ұйым құрды. Олардың мақсаты барлық жерді
еңбек шаруашылығының қолына тапсыру, қоғам өмірін өздігінен
басқаруды ұйымдастыру, ұлт мәселесін халық көзқарасы арқылы
шешу еді. 1878 жылы шілдеде Липецкте «Жер және еріктілік»
ІІ Александрды өлім жазасына кесті.
Ресейдегі марксистік үйірмелер. Еуропадағы социализм идеяларын
қозғаушылар арасында К.Маркс ілімі — марксизм таралды. Маркс
теориясына сәйкес барлық өндіріс құралдары (жер, өнеркәсіптік
124