Page 120 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 120
Осылайша экономикадағы капиталистік қатынастардың дамуы
феодалдық тәртіптің ыдырауына, таптық қарама-қайшылықтардың
шиеленісуіне және таптық күрестің басталуына алып келді.
90-жылдардың басында-ақ жұмысшы қозғалысы өрши түсті.
Бұл жылдардағы өнеркәсіптік өрлеу жұмысшылардың жағдайын
жақсартпады.
Жұмысшылар еңбек жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру,
жұмыс күнін қысқарту талаптарымен күреске шықты.
Жалпы алғанда, жұмысшы қозғалысы әлі де болса әлсіз,
стихиялық және шашыраңқы болды.
Самодержавиенің дағдарысы. Ресейде капитализмнің қарқын ды
дамуына қарамастан, капиталистік жолда тағы бір кедергі — само-
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
державие немесе абсолюттік монархия қалды. Ресей империясының
патшалық билігі билеуші тап ретінде ақсүйектерге негізделген.
Буржуазиялық реформалар мен Ресейдегі өнеркәсіп төңкерісі
тек жұмысшы таптың ғана емес, сонымен бірге буржуазияның
пайда болуына әкелді. Капиталистер тек экономикалық қана емес,
сонымен бірге саяси билікке қол жеткізуді армандады. Бұл Ресейде
билеуші тап ретінде буржуазияны қалыптастыруға алып келетін
буржуазиялық-демокра тиялық революцияның басталуын білдірді.
БӠлӠмӠӫдӠ тексер
1. 1812 жылғы Отан соғысы Ресей экономикасына қалай әсер етті деп ойлайсың?
2. Капиталистік қатынастардың қалыптасу үрдісі неліктен ауыл шаруашылығына
қарағанда өнеркәсіпте кеңінен жүрді?
3. Капиталистік өнеркәсіп дамуының негізгі кезеңдерін сипаттап көр.
4. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі ірі өнеркәсіптік өндірістің
негізгі түрі ... болды.
5. Неліктен Ресей 1860—1880 жылдары экономикалық тұрғыдан Батыс
Еуропаның жетекші елдерінен артта қалды?
6. 1890 жылдары Ресейде өнеркәсіп өрлеуі қай салаларда орын алды?
120