Page 115 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 115

1859 жылы 11 шілдеде қол қойылған бітімге сәйкес, Сардиния
        корольдығы Ломбардияны қайтарып алды. Бірақ сардиниялықтар
        Наполеон  пломбьерлік  келісімнің  шарттарын  бұзды  деп  санап,
        Францияға Савойяны және Ниццаны беруден бас тартты. Италия
        бұрынғысынша бытыраңқы күйінде қалды.
            Кавур 1860 жылы Францияға Савойя және Ниццаны бере отырып,
        бұл аумақтардың қосылуы туралы ІІІ Наполеонның келісіміне қол
        жеткізді. Сардиния корольдығымен ең күшті италиялық мемлекетке
        және Италияның бірігуі жолындағы күрес орталығына айналды.


          Ойлан
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
                     Австриямен соғыс не үшін басталды?

            1860 жылы сәуірде Неаполь корольдығының құрамына кіретін
        Сицилияда шаруалар көтерісі бұрқ етті. Мамыр айында Генуядан
        сицилиялықтарға  көмекке  Джузеппе  Гарибальди  кетті.  Оның
        тарихта «Гарибальди мыңдығы» деп аталған жасағында 1100 қарулы
        әскер болды.
            Гарибальдидің  Сицилияға  келуі  жалпы  көтеріліске  түрткі
        болды.  Гарибальдидің  қарамағына  тұтас  әскер  жиылды.  1860
        жылы мамырда Калатафими қаласы жанында «мыңдық» король
        әскерін жеңді. Шілде айының соңында Гарибальди бүкіл Сицилияға
        бақылау орнатты. 8 тамызда оның әскері Апеннин түбегінен өтіп,
        6 қыркүйекте Неапольға салтанатпен кірді.
            1860 жылдың соңына қарай Сардиния корольдығының құрамына
        Венеция мен Папа облысының Римдік бөлігінен басқа, бүкіл Италия
        бірікті.


          Ойлан

                     Гарибальди «мыңдығының» жорығы қандай рөл атқарды?


            Бірігудің аяқталуы. 1861 жылы наурызда II Виктор Эммануил
        Италия королі болып жарияланды. Кавур премьер-министр болып
        сайланды.  Оның  бастамасы  бойынша  парламент  Римді  елдің
        астанасы етіп бекітті.
            1867 жылы Гарибальди өзінің жасақтарымен Римге басып кіріп
        папа әскерін талқандады.
            1870 жылы Франция-Пруссия соғысы басталған соң, II Виктор
        Эммануил  елдің  түпкілікті  бірігуі  үшін  француз  әскерлерінің

                                                                                    115
   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120