Page 114 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 114
лығы — Австрияны күйретуге қабілетті ұлы державалардың бірінің
көмегі арқылы ғана Италияны біріктіру мүмкіндігі туралы ой
айтты. Кавур елді біріктіруде басты рөлді тек Сардиния корольдығы
атқаруға қабілетті және барлық италиялықтар осы мақсатты жүзеге
асыру үшін бірігуге тиіс деп санады.
Кавур идеясын Сардиния королі ІІ Виктор Эммануил де жақтады.
1850 жылы ол Кавурды үкімет құрамына кіргізді, ал екі жылдан
кейін оны премьер-министр етіп тағайындады.
Аныӧта
Италияныӫ бӠрӠгуӠ картасынан 1861 жылы ӧӯрылӣан Италия корольдыӣыныӫ шега
раларын кӹрсете аласыӫ ба?
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Кавур саясаты. Кавур үкіметі ауылшаруашылығының, өнер-
кәсіптің және сауданың дамуына қолдау жасады. Теміржолдар мен
каналдар, порттар мен телеграф желілері салынып жатты.
Сыртқы саясатта Кавур Франция императоры ІІІ Наполеонның
қолдауына қол жеткізуге ұмтылды. 1858 жылы шілде де Пломбьер
қаласында Кавурдің ІІІ Наполеонмен құпия кездесуі өтті.
Келісілген шартқа сәйкес, Австрия шабуыл жасай қалған
жағдайда Сардиния корольдығына Франция көмекке келуге
міндеттенді. Франция Ломбардия мен Венецияны азат етуге және
оларды Савойя мен Ниццаның орнына айырбас түрінде Сардиния
корольдығына беруге тиіс болды.
Ойлан
Италияның бірігуінде Кавур қандай рөл атқарды?
Австриямен соғыс. Австриямен соғыс 1859 жылы сәуірде
басталды. Австрия әскеріне француздар мен сардиниялықтардың
біріккен күштері қарсы тұрды. 4 шілде күні Маджент түбінде болған
француздармен соғыста австриялықтар жеңіліс тапты. 24 шілдеде
Сольферино маңындағы соғысушы жақтардың негізгі күштері
кездесті. Әскер қатарында австриялық император Франц Иосиф те,
ІІІ Наполеон мен ІІ Виктор Эммануил де болды.
Австриялықтар Ломбардиядан шегіне бастады. Италияда ұлт-
тық қозғалыс толқыны көтерілді. Венецияны азат ету жөніндегі
уәдесін орындамай, ІІІ Наполеон австриялықтарға бітімге келуді
ұсынды. Бұл Кавур үшін күтпеген оқиға болды. Соғыс аяқталды.
-
ІІІ Наполеонның сатқындығы бүкіл Италияда наразылық ту
дырды.
114