Page 110 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 110
Австрия-Пруссия соғысы. 1866 жылы Австрия-Пруссия соғысы
басталды. Осы жылы 3 шіл де де Садова қыстағында пруссиялық
әскер австриялықтардың әс керін жеңді. Көп кешікпей бейбіт
келісімге қол қойылды, келісім бо йынша Пруссия аумағы кейбір
герман мемлекеттерінің жер лері қо сыл ғаннан кейін Рейннен
Неманға дейінгі жерді қамтыды. Сонымен Ñолтүстік гер мандық
одақ құрылды. Одақ басшысы пруссиялық король болды. Үкіметті
канцлер басқарды. 1866 жылы 23 та мызда қол қойылған Париж
келісімшартына сәйкес Австрия Гер ман одағынан бір жола шықты
және Германиядағы гегемония дау-дамайы нан бас тартты.
Бисмарк Германияның бірігуін Францияны талқандаған соң ғана
аяқтауға болады деп есептеді.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Франция-Пруссия соғысы. Соғыс қимылдарының басталуына
1868 жылғы революцияның нәтижесінде босаған испан тағына
талас себеп болды. Ол Пруссия королінің немерелес інісі принц
Леопольд Гогенцоллерн-Зигмарингенге ұсынылды. ІІІ Наполеон
Леопольдке қарсы болды және Пруссия королі Вильгельмнің испан
тағынан үміттенуінен іс жүзінде бас тартуға мәжбүр етті. Бұл туралы
телеграмма алған Бисмарк одан барлық келісімге келу сөйлемдерін
сызып, оны жариялады. Француз үкіметі хабарды жәбірлеушілік
ретінде қабылдап, Пруссияға соғыс жариялады. Әскери министр
Лебеф Францияның соғысқа дайын екендігіне сендірді. Іс жүзінде
Франция-Пруссия соғысы. 1886 ж.
110