Page 106 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 106

кепілдік  беретін  декрет  қабылданды.  Жұмыссыздықпен  күрес
             жүргізу үшін ұлттық шеберханалар құрылды. Жұмыскерлер үшін
             жер  қазу  жұмыстары  ұйымдастырылып,  күніне  екі  франктен
             төленді.  Көп  ұзамай  үкімет  бұл  жұмыстардың  барлығына  төлем
             жасау  үшін  қаражаттың  жеткіліксіздігін  аңғарды  және  тікелей
             салықтарды 45%-ға арттыруға мәжбүр болды.
                 Үкіметтің шешімі бұл салықты төлейтін ұсақ меншік иелері мен
             шаруалардың наразылығын туындатты.
                 Франциядағы революция нәтижесінде республика жарияланды.
             1848 жылы Конституцияға сәйкес Францияны президент басқарды.
             Ол дауыс беру арқылы 4 жыл мерзімге сайланды. 1848 жылдың
             желтоқсандағы  президент  сайлауында  Наполеон  Бонапарттың
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             жиені — Луи Наполеон жеңіп шықты. Луи Бонапарттың сайлануы
             француздардың  республикадан  көңілі  қалғандығын  көрсетті.
             Жаңа Конституция Наполеон Бонапарт кезіндегі тәртіптерді қайта
             қалпына келтірді. 1852 жылы Луи Наполеон III Наполеон есімімен
             француздардың императоры болып жарияланды.


               Ойлан
                          1848 жылы елдің саяси құрылысы қалай өзгерді?


                 1848—1849 жылдары Германиядағы революциялық қозғалыс.
             Франциядағы  республиканың  жариялануы  туралы  хабар  Гер ма-
             ниядағы революциялық қозғалыстарға түрткі болды. 1848 жылы
             Берлин және Мюнхен көшелерінде баррикадалар басталды. Көте-
             рілісшілер Конституция қабылдануын, феодалдық міндет керлікті,
             цензураны  алып  тастауды,  салықтардың  біркелкі  үлестірілуін,
             жалпыгермандық парламенттің шақырылуын т.б. талап етті.
                 Король  министрліктер  тағайындады  және  Ұлттық  жиналысқа
             сайлау жариялады. Оның жұмысы 1848 жылы ма мырда Майндағы
             Франкфуртте жиналыстың бірінші мәжілісі басталды. 1849 жылы
             мамырда  Ұлт тық  жиналыс  Конституция  қабылдады.  Ол  Герман
             империясының  құрылуын  қабылдады.  Им пера торлық  тақ  пен
             атқарушы билік басшылығы Пруссия королі ІV Фридрих Вильгельмге
             ұсынылды. Бірақ IV Вильгельм тәжден бас тартып, конституцияны
             жоққа шығарды.


               Ойлан
                          Германиядағы революцияның жеңіп шығуына қандай
                          жағдай негізгі кедергі болып саналды?

             106
   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111