Page 102 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 102
волюцияның ерекшелігі оның отандық же тіл-
ден дірілген жабдықтар мен технологияға сүйен-
гендігінде болды. Қол жеткізген жетістік тер
Германияның өнеркәсіптік дамыған мемлекет-
ке айналуына мүмкіндік берді. ХІХ ғасырдың
аяғында Германия өнеркәсіптің дамуы бойынша
Францияны озып, Англиямен тең бәсекелесті.
Капитализмнің германдық нұсқасы. 1870—
1880 жылдары «Темір канцлер» Отто фон
Бисмарк тұсындағы капитализмнің германдық
Отто фон Бисмарк нұсқасы толығымен орнайды.
Бұл дәуірде Германияның барлығы дерлік
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
неміс мемлекеттерінің ішіндегі ең қуаттысы — Пруссияның
билігінде біріккен болатын. Өнеркәсіп дамуы үшін тиімді жағдайлар
жасалынғанымен, буржуазия саяси билікке шығуға мүмкіндік ала
алмады. Рейхс таг тың (парламент) құзыреті айтарлықтай шектеулі
болды, ал сайлау жүйесінде теңқұқылық ұстаным бұзылды.
Жердің көп бөлігін сақтап қалған помещиктер мәшинелер,
химиялық тыңайтқыштар және басқа да жаңа нәрселер қолданылған
ірі капиталистік шаруашылықтар құра бастады.
Ойлан
Бисмарк кім? Ол Германия тарихында қандай рөл атқарды?
Бисмарк атаған «қан мен темірдің саясаты» сыртқы саясат
милитаризмі түрінде көрініс тапты. Елдің бюджетінен қайта
қарулануға қомақты қаражат бөлінді, әскер көлемі айтар лықтай
көбейді. Әскери орталарда Франция және Ресейге қарсы бір сәтте
жүзеге асатын операция жоспарлары жасалынып жатты.
Ойлан
«Қан мен темірдің саясаты» деп қандай саясатты атайды?
Жарты ғасырға алға озуға деген талпыныс Германияны күшті
капита листік державаға айналдырды.
Германияның саяси дамуы. XIX ғасырда Германияда бірнеше
ірі партиялар қалыптасты. Олардың ішінде Шығыс Пруссия, Бран-
102