Page 98 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 98
Аныӧта
Реформаныӫ «жӭз кӭнi» кезӠнде кӠмдер бӯл әрекетке ӧарсы шыӧты, неге жеӫӠлӠс
тапты?
Ихэтуаньдар көтерiлiсi. Қытайдың бұрынғы өткен тарихынан
берi келе жатқан дәстүрі бойынша мемлекет саясатына қарсы
халық күресiн ұйымдастыруда өкiметтен жасырын әрекет ететiн
құпия қоғамдар көрнектi рөл атқарды. Шетел басқыншылығының
салдарынан туындаған ХIХ ғасырдың соңғы ширегiндегi саяси
ахуалдардың шиеленiскен кезiнде, яғни 1898 жылы «Ихэтуань»
қоғамы немесе «Бейбiтшiлiк және әдiлеттiлiк атынан көтерiлген
жұдырық» деп аталған жасырын қоғам маньчжур өкiметi мен
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
жатжерлiк отаршылдарға қарсы бағытталған өзiнiң iс-әрекетiн
күшейтедi. Қоғам мүшелерi Шаньдунде жатжерлiктерге қарсы ұйым
құрады.
1899 жылы ихэтуаньдар қозғалысы тiкелей көтерiлiс сипатына
ие болады.
Ихэтуаньдар Қытай жерiнен барлық шетелдiктердi қуу, Қы-
тай дың тәуелсiздiгiне жету жолын көздедi. Олар көтерiлiске
шыққан кезде қалалардағы шетелдiктердiң үйлерiн өртеп, өздерiн
Империалистердің Қытайды бөлшектеуі
каррикатурасы
98