Page 96 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 96
Ойлан
«Өзін-өзі күшейту саясаты» арқылы Цин үкіметі қандай
жетістікке жетті? Бұл шаралар елді күшейте алды ма?
1884—1885 жылдары Франция Қытайға соғыс ашты. Вьетнамды
Қытайдан тартып алып, өз билiгiн орнатты. 1894—1895 жылдары
Жапония соғыс ашып, Қытайдан Тайвань, Пянху аралдарын тартып
алды. Кореяны Цин империясы билiгiнен азат етiп, өз ықпалына
көшiрдi. Осыдан бастап бүкiл Қытай жерi еуропалық державалардың
өзара ықпал ету аймақтарына айналды. Франция Оңтүстiк Қытайда
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
үстемдiк еттi. Ресей Маньчжурияда, Германия Шаньдун түбегiнде,
Жапония Фуцзянда билiк жүргiздi. Ал АҚШ болса, Қытайда «ашық
есiк» саясатын жүргiзудi көздедi.
Жапон-қытай соғысы «өзiн-өзi күшейту» саясатының күйрегенiн,
Қытайда аумақтық бөлшектену кезеңiнiң басталғанын көрсеттi.
Қытайдың соғыстағы жеңілістері елге отаршыл мемлекеттердің
қысымын күшейте түсті. Қытайдың қаржы-экономикалық сала-
сында шетелдік банктер үстемдік етті. Отаршылдар арасында
«концессиялар үшін күрес» өршіді, теміржол саласына бақылау
орнатты. Шетел капиталы кеме жасау, тоқыма өндірісі сияқты
маңызды салаларды өз қаржысымен ұстап отырды. Ал жергілікті
қытайлық кәсіпорындар мүлдем тиімсіз салаларда сақталып,
қауқарсыз халде дамыды.
Реформалық қозғалыс және «Реформаның жүз күні». Қытай
қоғамы, әсiресе көзi ашық, бiлiмдi шэньши топтары бұл масқара
жағдайдан құтылудың жолын қарастыра бастады. Әсiресе қытай
халқын Жапония елiнiң алдында тiзе бүгуi ызаландырды.
ХIХ ғасырдың соңғы ширегiнде Қытайдың тәуелсiздiгiн сақтап
қалу, ол душар болған ауыр дағдарысты жағдайдан құтқару жолын
iздеген шэньши тобы ел iшiнде мемлекеттiк деңгейде күрделi
реформа жүргiзудi көздедi. Елде реформа лық қозғалыс басталды.
Реформалық қозғалыстың бастамашы сы және оны жүргізушісі
қытайлық ойшыл қайраткер Кàí Ювэй болды. Ол батыстық өрке-
ниеттің қазіргі жетістіктерімен жақ сы таныс болатын, сонымен
қатар ол қытайлық дәстүрлі қо ғамның да ерекшелігін жақсы білетін
адам еді. Ол елді дағдарыстан алып шығудың жолдарын ұсынған
пікірлерін билікке жеткізуге көп күш салады. Ол императорға
жолдауларында елді жайлаған жемқорлықты, халықтың ауыр
тұрмыстық жағдайын баяндады. Ол бұл жағдайларды баяндап қана
96