Page 93 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 93

беруді талап етеді. Бұған Қытай тарапынан жауап болмаған соң,
        Ұлыбритания соғыс жариялады.
            Iздеген сылтауы табылған Англия Қытай ға қарсы соғыс бастады.
        1840—1842 жылдары болған бiрiншi апиын соғы сында ағылшындар
        жеңiске  жетiп,  Цин  империясын  тiзе  бүктiрдi.  Қытай  жеңiлгенiн
        мойындап,  еуропалықтармен  әдiлетсiз  Íанкин  келiсiмшартына
        қол қойды. Бұл келiсiмшарт бойынша Қытай ағылшындар үшiн бес
        портты ашық деп жариялауға, Гонконгті шектеусіз уақытқа иеленуге,
        орасан зор мөлшерде өтемақы (контрибуция) төлеуге мәжбүр болды.
        Отаршылдардың қысымымен «Гунхан» сауда монополиясы жойылды.
            Көп ұзамай ағылшындардың отаршылдық соғысына американ-
        дықтар  қосылды.  Нанкин  келiсiмiнен  кейiн  Цин  империясы
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
        жартылай отар елге айналып, шетелдiктерге тәуелдiлiкке түстi.


          Ойлан
                     Қытай үшін Нанкин келісімінің қандай маңызы болды?

            Осыдан кейiн Англия мен Франция бiрлесiп Қытайды отарлауды
        кеңейту үшiн екiншi апиын соғысын бастады. 1856—1860 жылдары
        болған  екiншi  апиын  соғысы кезiнде Қытайдың iшкi жағдайы да
        өте ауыр халде болатын. 1850 жылы елдiң оңтүстiгiндегi Гуандун,
        Гуанси провинцияларында ша руа лар көтерiлiсi басталған едi. Ел-
        дiң  эко номикалық  күйзелiсi,  апиын  қоз ға лы сының  зардаптары,
        Цин  империя сының  елдi  дағдарыстан  шығаруға  дәрменсiздiгi
        шаруалардың наразылығын туғызды.
            Ағылшын,  француз  және  американ  капиталистерi  Қытайды
        отарлаудың  осындай  қолайлы  сәтiн  пайдаланып,  тағы  да
        апиын  соғысын  ашты.  Цин  өкiметi  басқыншыларға  қарымды
        қарсылық көрсете алмай, жеңiлiске ұшырады. 1858 жы лы Тянь-
        цзиньға таяу жердегi Дагу бекiнiсiн ағылшын-француз әскерлерi
        басып  алған  соң,  Цин  өкiметi  отаршыл  державалардың  қойған
        талаптарын  мойындап,  келiсiмге  келдi.  Қытай  Англиямен  және
        Франциямен жеке-жеке Тяньцзинь келiсiмiне қол қояды. Англия
        мен  Франция  Пекинде  өздерiнiң  елшiлерiн  ұстауға  және  өз
        елдерiнiң азаматтары Қытайда емiн-еркiн жүрiп-тұруына, Янцзы
        өзенi  бойында  сауда  жасауға  мүмкiндiк  алады.  Апиын  сатуға
        шек  қойылмайтын  болды,  саудаға  салынатын  салық  мөлшерi
        қысқартылды. Осыдан кейiн iле-шала америкалықтар да Қытайға
        өз  талабын  қойып,  олар  да  Тяньцзиньда  келiсiмге  қол  қойды.
        Американың  сауда  кемелерi  де  Қытай  порттарына  келiп  сауда
        жасауға рұқсат алады.
                                                                                     93
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98