Page 108 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 108

Италияны азат ету және біріктіру ұраны барлық итальяндықтардың
             қолдауын  тапты.  1848  жылы  наурызда  Ломбардия  және  Вене-
             цияда  антиавстриялық  көтеріліс  басталды.  Милан  тұрғындары
             фельдмаршал Иоган Иосиф Радецкий басқарған әскерді талқандады.
             Австриялықтарды  Венадан  қуып  шыққаннан  кейін,  ол  жерде
             республика  жарияланды.  Италияның  солтүстігіндегі  азат  ету
             қозғалысы  итальяндық  мемлекеттердің  Австриямен  соғысының
             басталуына алып келді. Итальяндықтардың негізгі талабы австрия-
             лық үстемдіктен азат болу және бірыңғай мемлекетті құру болды.
             Италияның барлық жерлерінде еріктілер жасақтары құрыла бастады.
             Олардың бірін болашақ ұлт қаһарманы Дж. Гарибальди басқарды.
                 Итальяндық монархтар халықтың патриоттық көңіл күйін мән-
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             жайсыз қалдыра алмады. Әскери тұрғыдан әлдеқайда мықты Сардин
             корольдығы Австрияға соғыс жариялады.
                 1848—1849 жылдардағы революциялар нәтижелері. Еуропаның
             көптеген  елдері  үшін  ортақ  мәселе  —  капитализмнің  дамуын
             тежеген феодалды-абсолюттік тәртіпті жоюмен қатар, 1848—1849
             жылдардағы революциялық қозғалыстың өзінің мақсаттары болды.
                 1848—1849 жылдардағы революциялық қозғалыстар Батыс Еуро-
             паның елдеріне жеңіс әкелді, бірақ сол елдердің алдында тұрған
             объек тивті  міндеттерді  толықтай  шеше  алмады.  Дегенмен  1848
             жылғы революциялық шайқастар текке болған жоқ. Олар феодалдық
             қаты настарды және кейбір елдердегі ескілікті бұзды, капитализмнің
             орнауы на  және  әрі  қарай  дамуына,  халықтың  ұйымшылдығына
             себеп болды. Шешімі белгілі тарихи мәселелер (Италияның ұлттық
             бірігуі және Германияның ұлттық бірігуі сияқты) маңызды болды.


               ПӠкӠрталас
               1848  жылы  желтоӧсанда  Франция  президенттӠк  сайлауында  На­
               полеон  Бонапарттыӫ  жиенӠ  —  Луи  Наполеон  нелӠктен  жеӫдӠ  деп
               ойлайсыӫ?


               БӠлӠмӠӫдӠ тексер
               1.  50—60-жылдары Германияда экономикалық дамуға қандай жағдайлар әсер
                 етті?
               2.  Германияның негізгі саяси партияларын атап көр.
               3.  Италияның экономикалық артта қалуын немен түсіндіруге болады?
               4.  Еуропадағы революциялық көтерілістердің алғышарттарын ата.
               5.  Германиядағы көтерілісшілердің негізгі талаптарын ата.
               6.  Австриядағы көтерілісшілердің талаптары басқа елдердегі көтерілісшілердің
                 талаптарынан қандай айырмашылықтары болды?
               7.  Парижде ... саяси орталықтарына айналды.
               8.  Джузеппе Мадзини ... ұйымын құрды.
             108
   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113