Page 125 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 125
және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары) қоғамға тиесілі және
қанаушылық жойылады. Бірақ бұл қоғамға басты күш жұмысшы
табы (пролетариат) болатын социалистік революциясыз өту мүмкін
емес еді. Алайда 60—70-жылдары марксизм орыс революциялық
қозғалы сында басты революциялық теория бола алмады. 1883 жылы
Женевада (Швейцария) орыс революционерлері марксистік ұйым —
«Еңбектен босату» тобын құрды. Олар жеке террорлық тактикасынан
бас тартып, өздерінің негізгі міндеті халықта социалистік идеяларды
үгіттеу деп санады. Жұмысшылар қозғалысында әлеуметтік сананы
қалыптастыру ресейлік революциялық марксистердің қызметінде
басты мәселе болып табылды. Осы міндетті жүзеге асыруда
В.И.Ленин үлкен рөл атқарды. 1895 жылдың күзінде В.И.Ленин
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
20 петербургтік марксистік үйірмені «Жұмысшы табын құтқару
жолындағы күрес одағы» қоғамына біріктірді. 1898 жылдың
наурызында «Күрес Одағы» өкілдері Минскте өздерінің бірінші
съезіне жиналды және Ресей социал-демократиялық жұмысшы
партиясын (РСДЖП) жариялады.
Ойлан
Халықшылдардың іс-қимылдары не үшін сәтсіз аяқталды?
РСДЖП II съезі Брюссель — Лондонда 1903 жылы өтті. Онда
партия бағдарламасы мен жарғысы қабылданды. РСДЖП басты
революциялық талапты — пролетариат диктатурасын орнатуды
мақсат етті. Алғашқы орыс буржуазиялық-демократиялық
революция 1905—1907 жылдары болды.
Ойлан
Ресейде марксизм қалай тарала бастады?
БӠлӠмӠӫдӠ тексер
1. Либералды идеялардың негізі қағидасын атай аласың ба?
2. Неге «Құтқару одағы» «Әлеуметтік қамтамасыз ету одағы» қоғамымен
алмастырылды?
3. Ресейдегі қоғамдық-саяси ойлардың дамуына декабристер қандай ықпалын
тигізді?
4. Кîíсåрвàтизм деген не, оның негізгі қағидалары қандай?
5. Батысшылдар мен славяншылдар арасындағы ортақ сипаттарын атап көр.
6. «Оңтүстік одақ» ұйымының бағдарламасы қандай болды?
7. «Құтқару одағы» жасырын қоғамның негізін қалаушы ... болды.
8. П.И.Пестель ... басшысы болды.
125