Page 81 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 81
Аныӧта
Танзиматтыӫ бӠрӠншӠ кезеӫӠнде ӧандай реформалар Ӡске асырылды?
Қырым соғысы аяқталған соң, сұлтан үкіметі шетелдіктердің
қысымымен Танзимат реформаларын жалғастыруға мәжбүр
болды. Танзимат реформаларының екінші кезеңі басталды. Осман
империясының барлық халықтарына дініне қарамастан тең құқық
беруге қадам жасауға тура келді.
1856 жылы сұлтан үкiметi шетелдiктерге жекеменшiкке жер
және қозғалмайтын мүлiк алуға рұқсат бердi. Бұл империяның
экономикасына шетелдiк қаржының көптеп келуiне жол ашты.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Сұлтан үкiметi реформаны толық жүзеге асыру үшiн бiрнеше рет
шетел державаларынан несие алуға мәжбүр болды.
ХIХ ғасырдың екiншi жартысында түрiк үкiметi империяны
нығайту мақсатында ұлттық қозғалыстарға бiрқатар жеңiлдiктер
жасады. Мұсылман емес халықтар — армяндар, болгарлар,
гректер, румындар, сербтер, яғни империя халқының 40 пайызын
құрап отырған тұрғындарға мемлекет алдында теңдiк құқығы
берiлдi делiндi. Бұл жаңа саясаттың негiзiнде сұлтанның билiгiне
бағынышты халықтың бәрi îсмàíäàр деп аталды және олардың бәрi
теңқұқықты деп жарияланды.
1856 жылы түрік сұлтаны Абäул Мåäжиä манифест шығарды. Онда
Осман империясының тарихында алғаш рет барлық азаматтардың
құқығы заң алдында бiрдей екендiгi жарияланды. Мемлекет
мұсылман емес дiни ұйымдардың өмiр сүруiн заңдастырды. Бiлiм
беру саласында бұрынғы мұсылмандық дiни бағытынан зайырлы
бағытқа бұрылуға қадам жасалды. Христиандарды мемлекеттiк
қызметке алуға рұқсат берiлдi.
Аныӧта
Абдул Меджид сӯлтанныӫ жарлыӣында ӧандай заӫдар жарияланды? Оныӫ маӫызы
ӧандай болды?
Танзимат реформалары елдi жаңартуға бағытталды. Жаңа
өзгерiстер жүргiзу шетелдiк тәуелдiлiктен құтылу, елдi ауыр
дағдарыстан алып шығу, ұлттық қозғалыстарды бәсеңдету
жолында жасалған қадам болды. Бірақ танзимат реформалары
мұсылмандардың, соның iшiнде түрiктердiң де, көңiлiнен шыққан
жоқ. Реформа жекеменшiк жер иелену құқығын беру арқылы
кәсiпкерлiк пен сауданың дамуына жол ашты, бiрақ оның пайдасын
81