Page 85 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 85
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Севостополь қорғанысы
Орыс патшасы І Николай Англия және Франциямен тіл табыса
алмайтындығына көз жеткізген соң, түрік сұлтанына қысым
көрсете бастады. 1853 жылы Стамбұлға орыс елшілігі жіберілді.
Елшілік түрік сұлтанынан үзілді-кесілді талап қойып, «қасиетті
жерлердегі» православие шіркеуінің мәртебесін қамтамасыз етуді
және сұлтан билігіндегі православие дініндегілерді орыс патшасының
қамқорлығына алуына көндірмек болды. Сұлтан үкіметі орыс
патшасының бұл талаптарын орындаудан бас тартты. Патша өкіметі
түріктер үшін Англия мен Франция өзімен шиеленіске бармайды
деген қате түсінікпен Түркиямен соғысуға бел буды.
Осыдан келiп 1853 жылы орыс-түрiк соғысы немесе Қырым
соғысы басталып кеттi. Адмирал Нахимов басқарған орыстардың
Қара теңіздегі флоты түрік флотын талқандады. Түрік әскері Кавказ
майданында да жеңіліске ұшырады. Соғыста осылай оңай жеңiске
жетпек болған орыс әскерi қатты қателестi. Осман империясының
толық күйреуінен және Таяу Шығыстағы өз ықпалдарын айырылу
қаупінен сескенген Батыс державалары орыстарға қарсы соғысып
жатқан түріктерге көмектесуді жөн көрді. Қара теңізге әскери
көмектерін аттандырды. 1854 жылы Батыс державалары Осман
империясымен Ресейге қарсы бағытталған одақтастық келісіміне қол
қояды. Одақтастар Ресейдің Қара теңіз флотының негізгі тірегіне —
Севастопольге соққы беруді жоспарлады. Қырым соғысындағы
ерекше шайқастардың бірі Севастополь қорғанысы болды. Англия
85