Page 83 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 83
Өкiмет ұлттық қозғалыстарды басып-жа ныштауға көштi. 1894 жылы
сұлтан билiгiне қарсы шыққан армяндардың бас көтеруiн басуға Кiшi
Азияның шығыс бөлiгiне жазалау отряды жiберiлдi. Жазалаушылар
аяусыз әрекет етiп, бүкiл бiр аудан тұрғындарын қырып салды.
II Абдул Хамид сұлтан билеген кезең тарихта зюлим (езу, қанау,
зұлымдық) деп аталып кетедi. «Жаңа османдардың» Осман
империясын қайта құру әрекеттерi сәтсiз аяқталды.
Аныӧта
Зюлим кезеӫi деп ӧай сӯлтанныӫ ел билеу уаӧытын айтады? НелӠктен зюлим деп
атады, маӣынасы ӧандай?
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
«Жаңа османдар» қозғалысы Түркия тарихындағы маңызды кезең
болды. Халық ағарту iсiн дамыту, феодалдық-абсолюттiк билiкке
шек қою және шетел капиталының елдi қанауын тежеу үшiн күресе
отырып, олар түрiк қоғамында саяси сананың қалыптасуына жол
ашты. Сонымен қатар олар халық бұқарасынан, олардың түпкiлiктi
мүддесiнен алыс тұрды. «Османизм» идеясын ұсына отырып, Осман
империясының құрамындағы барлық халықтарды дiнiне, тiлiне,
ұлтына қарамай бiр халық деп санауы «жаңа османдарды» ұлт-
азаттық қозғалысқа қарсы қойды, олар түрiк емес халықтардың
қолдауына ие болған жоқ.
ПӠкӠрталас
СенӠӫ ойыӫша, Осман империясыныӫ даӣдарысыныӫ тереӫдеуӠне
ӧандай себептер болды? Сыныптастарыӫныӫ пӠкӠрӠн тыӫда.
БӠлӠмӠӫдӠ тексер
1. Танзимат реформаларының кезеңдері неліктен екі кезеңмен жүрді? Себебін
айта аласың ба?
2. Танзимат реформаларының екі кезеңінің жетістіктері мен кемшіліктері неде
болды деп ойлайсың?
3. Танзимат реформасы неліктен толық нәтижеге жете алмады деп ойлайсың?
4. Жаңа османдар деген кімдер және олар қандай мақсатты көздеді?
83