Page 79 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 79

жақсы түсiндi. Олардың арасында еуропалық қоғам құрылымымен
        жете  таныс,  бiлiмдi  мемлекет  қайраткерлерi  де  болды.  Сондай
        қайраткердiң  бiрi  II  Махмұттың  сенiмiне  ие  болған  Мұстафа
        Решид паша едi. Түрік сұлтаны билігіне келген Решид паша, осы
        қиындықтардан шығудың жолын іздестіре бастайды. Ол елде түбірлі
        өзгерістер  жасауды  қажет  ететін  реформалар  жүргізуге  кіріседі.
        1839—1870 жыл дары жүргізілген бұл жаңа реформалар Òанзимат
        деген атқа ие болды.

             Танзимат — реформалар, ӹзгерӠстер деген маӣына бередӠ.

            Танзимат реформалары екі кезеңде жүр гізілді. Бірінші кезең —
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
        1839 жылдан 1853 жыл аралығында, яғни Қырым соғысына дейін.
        Екінші кезеңі — 1856 жылдан 1876 жылға дейін немесе 1876 жылғы
        консти туцияның қабылдануына дейін жүргізілді.
            Танзимат  реформалары  мемлекет  алдын дағы  ең  маңызды
        мәселелерді  шешуге  міндетті  болды.  Ол,  біріншіден,  әлсіреп
        бара  жатқан  им перияның  экономикалық,  сыртқы,  ішкі  сая си
        жағдай ларын нығайтуға, екіншіден, ел де капи тализмнің дамуы-
        на мүмкіндік ту ғызу, үшін шіден, елді құлдыраудан сақтап, ұлт-
        азаттық қоз ғалыстардың екпінін басу міндеттері болатын. Бұрынғы
        жүргізілген рефор малардан Танзиматтың айырмашылығы әскери
        салада  емес,  әлеуметтік-экономикалық  реформалар  жүргізу
        мақсатын алға қойды.
            Мұстафа  Решидтiң  жетекшiлiгiмен  жаңа  реформаның  жос
                                                                                       -
        пары жасалды. Оның мақсаты сұлтан өкiметiн нығайтып, Балқан-
        дағы  ұлт-азаттық  қозғалысты  тоқтату  және  түрiк  өкiметiнiң  еу-
        ропалық  державаларға  тәуелдiлiгiне  тежеу  қою,  мемлекет  құ-
        рылысын Батыстың мемлекеттiк құрылысына жақындату болды.
            1839 жылы қарашада сұлтанның жазғы сарайы
        Гюльхане  алдында  «Қасиеттi  жарлық»  —
        «Гюльхане хатт-и шериф» халыққа жарияланды.
        Бұл  Түркия  тарихындағы  жаңа  реформалық
        кезең  —  танзимат  қайта  ұйымдастырулар
        деп  аталған  реформалар  дәуiрiн  бастап  бердi.
        «Гюльхане  хатт-и  шериф»  үш  негiзгi  жаңарту
        мақсатын  жария  еттi:  1)  дiни  сенiмдерiне
        қарамастан  империяның  барлық  бағынышты
        х а л ы қ т а р ы н ы ң   ө м i р i н ,   а р - ұ ж  д а н ы н   ж  ә н е
        дүние-мүлкiнiң  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз  ету;
        2) салықтарды дұрыс жинау және әдiлеттi бөлу;
        3) әскери қызмет мерзiмiн қысқарту.                              II Махмұт
                                                                                     79
   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84