Page 77 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 77
несие алады. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңында Ирандағы
орыс капиталының мөлшерi 164 миллион рубльге жетедi. Иран үшін
Ресей өзінің шикізатын, ауылшаруашылық және қолөнер өнімдерін
өткізуге қолайлы сыртқы нарық көзі болды. Ираннан Ресейге
мақта, күріш, кептірілген жеміс-жидектер, тері, кілемдер экспортқа
шығарылатын. Иранның солтүстік аудандарының экономикасы
толықтай орыстардың нарығына тәуелді болды.
Ойлан
Иранда ағылшын-орыс бәсекелестігі қалай жүргізілді?
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Иранның солтүстiк аймағында Ресей, оңтүстiгiнде Англия үстемдiк
еттi. ХХ ғасырдың басына қарай Иран өзiнiң ұлттық тәуелсiздiгi
мен дербестiгiнен айырыла бастады. Елдің транспорт, қаржы, салық,
пайдалы қазбалар жүйесі түгелдей Англия мен Ресейдің бақылауында
болды. Шах, оның министрлерi, губернаторлар мен феодалдар
империалистiк державалардың қолындағы ойыншыққа айналды.
Иранның билеушi, ауқатты топтары мен шетел империалистерi
арасында өздерiнiң пайдасын көздеген одақ пайда болды.
Бұл жағдай Ирандағы ағылшын-орыс бәсекелестігін тудырып,
ақыры, ХІХ ғасырда Иранды осы екі мемлекеттің ықпал аймақтарына
бөлісуімен аяқталады.
ПӠкӠрталас
ХӞХ ӣасырда Иран ӧалайша жартылай отар елге айналды? Иранныӫ
жартылай отар ел екенӠн ӧалай дәлелдейсӠӫ? Ӹз ойыӫды бӠлдӠр және
сыныптастарыӫды тыӫда.
БӠлӠмӠӫдӠ тексер
1. Иранның саяси-экономикалық жағдайы қалай болды?
2. ХVІІІ ғасыр соңында Иран мемлекеті қандай ірі державалардың отаршылдық
назарына ілікті?
3. Ирандағы ағылшын-орыс бәсекелестігін қалай түсіндіресің?
4. Орыс-иран соғысының басталу себебі неде болды?
5. Екінші иран-орыс соғысының нәтижесі қандай болды?
77