Page 67 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 67

шешуді аяқтаған және Еуропаның жаңа шегараларын белгілеген
        қорытынды  акт  қабылданды.  Франция  барлық  жаулап  алған
        жерлерінен айырылды, бірақ 1790 жылғы қаңтардағы өз аумақтарын
        сақтап қалды.
            Вена конгресінің шешімі бойынша Францияның негізгі қарсы-
        ластарына мына аумақтар көшті:
              Англияға:           Ресейге:        Австрияға:           Пруссияға:

            Êàï                Варшавалық        Галиция,         Познань, Гданьск,
         провинциясы,       герцогтігі,       Тироль,          Саксонияның солтүстік
         Цейлон, Мальта,  Финляндия           Триест,          бөлігі, Померания,
         Ион, Сейшель,      және Бессарабия  Далмация,         Рейн-Вестфальдық
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
         Тобаго аралдары  аумағы              Иллирия          аумақтары
            Германия мен Италияның аумақтық бытыраңқылығы сақталды.
        Дания  билігінде  болған  Норвегия  Швецияға  берілді.  Бельгия
        Голландияға  қосылды.  Швейцария  тәуелсіздігін  қайтарып  алды
        және «мәңгі бейтарап мемлекет» деп жарияланды. Ресей, Австрия,
        Пруссия келісімшарттарының негізінде поляк жерлерін бөлу жү -
        зеге асырылды. Тек Краков қаласы ғана «еркін қала» деп жария-
        ланды. Нәтижесінде Еуропа мен отар елдерде жаңа аумақтық бөліну
        жүзеге асты және саяси күштердің қайта топтастырылуы болды.
        Теңіздер мен отарлардағы ағылшын үстемдігі біржолата бекітіліп,
        Францияның Еуропаға қарым-қатынасы бұрынғыдай болмады.
          БӠлӠмӠӫдӠ тексер


          1.  Францияға қарсы күрестің негізгі сатыларын атап көр.
          2.  Наполеон басқарған кезеңде Францияда қандай өзгерістер болды?
          3.  Наполеондық әскердің мықтылығы неде болды?
          4.  Вена конгресінің негізгі шешімдері қандай болды?
          5.  Неге құрлықтық блокада жемісті болмады?





















                                                                                     67
   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72