Page 63 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 63
10 жыл бойы Италия Наполеон империясына
бағынышты болды. Францияның Италия аума-
ғына әсері салдарынан маңызды өзгерістер ен-
гізілді. Капитализмнің жылдам дамуы жүзеге
асты.
Наполеондық соғыстар неміс халқының
тағ дырына қатты әсер етті. Германияның ай-
тар лықтай бөлігі француз билігінде болды.
Германияның картасы үнемі өзгеріп отырды.
Наполеондық билеп-төстеушілік, тонау, зорлық-
пен қатар жүрді. Көптеген феодалдық артық- Адмирал Нельсон
шылықтар жойылды.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
1805 жылы күзде соғыс қайта басталды. 1805 жылы қазанда
Трафальгар мүйісінің жанында ағылшын адмиралы Нельсон бас-
қарған ағылшын флоты француз-испан фло тын талқандады. Бұл
ХIХ ғасырдағы ең ірі теңіздегі — Трафальгар шайқасы болды.
Осы шайқастан кейін вице-адмирал Нель сон ның есімі ағылшын
әскери-теңіз күшінің белгісіне айналды.
Алайда сол жылдың желтоқсанында Аус тер лиц түбіндегі
шайқаста француздар Австрия мен Ресей империяларының біріккен
әскерін асқан шеберлікпен жеңіп шықты. Австрия бейбіт бітімге
келуге мәжбүр болды.
1806 жылы Наполеон өзінің қорғау шыларымен Рейн одағын
құрды. Оның құрылуына қарсы шыққан Пруссия Францияға қарсы
соғыс ашты, бірақ жеңіліске ұшырады. Пруссияның жеңілісі осы
мемлекеттің артта қалғандығының дәлелі болды.
Бірнеше шайқастарда француздардың жеңісінен кейін орыс
императоры І Александр мен Наполеон бейбітшілік пен одақтастық
туралы Тильзит шартын жасады. Ресей Наполеонның басып алған
жерлерін толық мойындады.
Ойлан
Француз үстемдігі Италия мен Германияға қалай әсер етті?
Құрлықтық блокада. Еуропалық мемлекеттерге қарсы соғыстағы
бірқатар жеңістерінен кейін, Наполеонның мықты қарсыласы болып
Англия ғана қалды. Ол Англия экономикасын әлсірету және оның
алдында еуропалық нарықты жабу туралы шешім қабылдады.
Францияға тәуелді барлық құрлықтық мемлекеттерде Англиямен
сауда жасауға тыйым салынды. Алайда Англия Францияға және
63