Page 65 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 65
Наполеонның Ресейге басып кіруі. Наполеон Бонапарт 1812 жылы
24 маусымда Ресей жеріне жорыққа шықты. Бұл Ресей халқының
басқыншылыққа қарсы бұрын болмаған тойтарысы болды. Ресей
халқы үшін бұл Отан соғысына айналды.
1812 жылы Мәскеу маңайындағы Бородино деревнясының тұсында
ірі шайқастардың бірі болды. Осы қантөгіс шайқаста француз әскерлері
көп шығынға ұшырады. Орыс әскерлері кері шегінгенмен, жеңісті
бермеді. Ресей халқының Наполеонға қарсы ерлік шайқасына атақты
М.В. Лер монтовтың «Бородино» өлеңі арналған.
Француз әскері Мәскеуге енді. Алайда олар қоршалған қамалда
қалғандай болды. Маңайында халық соғысының жалыны өршеленіп
тұрды. Сондықтан Француз әскері Мәскеуден кері шегінді. Ресейдегі
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Француз әскерінің жеңілісі барлық наполеондық империяның
құлдырауының бастамасы болды.
Ойлан
Наполеонның Ресейге қарсы соғыста жеңіліс табуының
себептері қандай болды?
Наполеон империясының күйреуі мен Вена конгресі. Наполеон
Парижге оралып, жаңа әскер жинай бастады. Наполеонға қарсы
бүкіл Еуропа көтерілді. 1813 жылы қазанда Лейпциг түбінде шайқас
болды, оған жарты миллионнан астам Франция мен одақтастардың
әскерлері қатысты. Бұл шайқас «Халықтар соғысы» деген атаумен
тарихқа енді. Француз әскері жеңілді. 1814 жылдың басында
одақтастар әскері Францияға, одан Парижге енді. Наполеон тақтан
бас тартты. 1814 жылы мамырда ол Эльба аралына жер аударылды.
Наполеонның ұзаққа созылған соғыстары Франциядағы Бірінші
империяның талқандалуымен аяқталды.
ПӠкӠрталас
Неге Лейпциг тӭбӠндегӠ шайӧасты «Халыӧтар соӣысы» деп атады?
Наполеондық шайқастар аяқталған соң жеңімпаздар орасан зор
наполеон дық империяны бөліске салды. Сол үшін Венада бүкіл
жалпы еуропалық конгресс шақырылды. Конгресс жұмысында
жетекші рөлдерді Англия, Ресей, Австрия мен Пруссия атқарды.
Францияда Бурбондар билігі қайта қалпына келді, конституциялық
монархияны орнатқан конституция (1814 жылғы Хартия) күшіне
енді. Жазаланған XVI Людовиктің інісі XVIІІ Людовик деген атпен
король болды.
65