Page 58 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 58

Якобшілер  халықтың  білім  алуына  ерекше  назар  аударды.
             Франциядағы Декрет жаппай тегін бастауыш білім беруді енгізді.
             Конвент бірқатар жоғары білім беретін және мәдени маңызды меке-
             мелерді құрды. Бұрынғы корольдық Лувр сарайы ұлттық галерея
             әле мінде бірінші болды. Бұған Францияда католицизм орнына ақылға
             табынуды енгізу қосылды. Католиктік шіркеулер жабыла бастады.


                Аныӧта
                Революция кезеӫӠндегӠ Франция мәдениетӠнӠӫ негӠзгӠ ӹзгерӠстерӠн ата.
                 Якобшілер блогының ыдырауы және якобшілер диктатурасының
             құлауы. 1793 жылы жазда республикада жағдай күрделеніп кетті.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             Якобшілер  диктатурасы  республика  қорғанысын  қамтамасыз  ете
             отырып, мемлекеттегі қарулы күштердің түбегейлі қайта құрылуын
             ұйымдастырды.  Қысқа  уақыт  мерзімінде  Францияда  бірінші  рет
             бұқаралық ұлттық әскер құрылды.
                 Якобшілер  партиясын  басқарып  отырған  жетекші  топ  Робес-
             пьердің жақтаушыларынан тұрды. Ж.Ж.Дантонның басқаруымен
             якобшілердің  қалыпты  (орташа)  ағымы  —  «кешірімпаздар»
             революциялық диктатура тәртібін тезірек жоюға тырысты. Қарама-
             қарсы әлеуметтік-саяси қапталда Шомет пен Эбердің басшылығымен
             «өте  солшыл»  революционерлер  шықты.  Олар  қалалық  плебей
             өкілдерін осылай атады.
                 Нәтижесінде, якобшілер блогы тарап кетті. 1794 жылы 27 шілдеде
             (революциялық  күнтізбе  бойынша  9  термидор)  Робеспьер  мен
             жақтастары тұтқынға алынды. Осылайша якобшілер диктатурасы
             құлады. Конвенттің жаңа құрамын термидо рлық деп атады.
                 Якобшілер диктатурасының құлауымен Француз революциясының
             өрлеуі тоқтады. Жаңа үкімет «Жалпыға ортақ максимум» туралы
             заңды жойды. 1795 жылы билік бес адамнан тұратын Директорияға
             көшті.  Директория  басқарған  жылдар  (1795—1799)  әлеуметтік-
             экономикалық және саяси тұрақсыздық кезеңі болды.


               Ойлан
                          Якобшілер арасында қандай келіспеушіліктер болды?

                 Революцияның  маңызы.  Феодализмнен  капитализмге  ауысу
             кезеңінде  Еуропа  мен  Америкада  болған  барлық  буржуазиялық
             революциялар  ішінде  XVIII  ғасырдың  соңындағы  Франциядағы
             революция әлеуметтік-саяси қайшылықтардың өткірлігімен, жүзеге
             асқан түрленулердің жүйелілігімен және тереңдігімен ерекшеленеді.
             58
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63