Page 55 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 55
Бұл көтеріліс рево люцияны жаңа деңгейге
көтерді. Француз революциясының екінші
кезеңі басталды. Ескі билеуші топтардың
контрреволюциялық бөлігі революциямен
бітіспес күресті бастады. 1792 жылы Пруссия
мен Австрия Францияға қарсы әскери одақ
құрды. Бұл еуропалық державалар тарапынан
Францияға қарсы алғашқы одақтың тууына
себепші болды. Францияға нақты әскери қауіп
төнді. Бірақ 20 қыркүйекте Вальми деген жерде
революциялық әскер жеңіске жетіп, коалиция XVI Людовик
Франция жерінен қуылды.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Республикалық құрылыстың құрылуы мен оның ерекшеліктері.
20 қыркүйекте Ұлттық Конвент өз ісін бастады. Ол корольдық
билікті жою туралы декрет қабылдады. Франция республика деп
жарияланды. Конвенттің сол қанатындағы депутат тарды «таулар»
немесе монтаньярлар деп атады. Оларды Макси миллиан Робеспьер,
Жан-Поль Марат, Жорж Жак Дантон басқарды.
Монтаньярлар – «тау» (mоntagne) деген француз сӹзӠнен шыӧӧан. Конвент оты
рысында жоӣарӣы орындыӧтарда «тау» сияӧты кӹтерӠлӠп отырӣандыӧтан, якобшӠлер
клуб ӹкӠлдерӠн осылай атаӣан.
Конвенттің оң қанатында отыратын депутаттар жирондықтар деп
аталды (олардың көп бөлігі Жиронда аймағынан шыққан депутаттар
Конвент отырысы
55