Page 59 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 59
Революцияның негізгі қорытындысы феодалдық-абсолюттік
құры лысты жою, буржуазиялық қоғамды нығайту және Францияда
капитализмнің әрі қарай дамуына жағдай жасау болатын. Революция
бүкіл феодалдық алым-салықтарды жойды, осы арқылы аграрлық
мәселелерді шешті. Француз революциясымен жарияланған демокра-
тиялық құқықтар мен еркіндіктер үлкен тарихи мәнге ие болды.
Тарихта бірінші рет азаматтар жаппай сайлау, жиынға қатысу
құқығына, буржуазиялық-демократиялық республика құру мүм-
кіндігіне ие болды.
БӠлӠмӠӫдӠ тексер
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
1. Француз буржуазиялық революциясының себептері неде болды?
2. XVIII ғасыр соңындағы француз республикасының құрылу ерекшеліктерін
атай аласың ба?
3. XVIII ғасырдағы француз буржуазиялық революцияның негізгі қоры-
тындыларын атап көр.
4. Топтық жұмыс. Дәптерге кестені сызып толтырыңдар.
1-кезеңі 2-кезеңі 3-кезеңі
14 шілдеден 1789 — 10 тамыз, 1792 ж. — 31 мамыр, 1793 ж. —
10 тамыз, 1792 ж. 31 мамыр, 1793 ж. 27 шілде, 1794 ж.
Билік ірі буржуазия- Билік орта буржуазия- Билік якобшілердің
ның қолында ның қолында қолында
Негізгі жетістіктері: Негізгі жетістіктері: Негізгі жетістіктері:
59