Page 51 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 51

XVIII  ғасырдың  80-жылдарында  феодалдық  абсолюттік  билік
        дағдарысы  ушыға  түсті.  Ғасырдың  ортасында  экономикалық
        даму  тоқтады.  Мемлекеттің  шаруашылық  жағдайы  нашарлады.
        Өндірістік-сауда  дағдарысы  орын  алды.  Монархия  қаржылық
        банкрот  табалдырығында  тұрды.  Шіркеу  мен  дворяндар  салық
        төлемеді,  ал  француздардың  негізгі  бұқарасы  XVIII  ғасырдың
        соңында салық төлейтін жағдайда емес еді.


          Ойлан

                     XVIII ғасырда Франциядағы абсолютизм дағдарысының
                     басты себебі неде болды?
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
            Француз  буржуазиялық  революциясының  бастамасы.  Абсо-
        лютизмнің дағдарысы жағдайында 1614 жылдан бері Францияда Бас
        штаттар, яғни феодалдық-сословиелік уәкілдіктің жоғары мәжілісі
        шақырылмаған еді. Дворяндар Бас штаттарды шақыруды талап етті.
        Бас штатқа сайлау халық бұқарасының белсенділігіне әсер етті.


             Бас штаттар — дӠни адамдар, дворяндар және ӭшӠншӠ сословие депутаттарынан
          ӧӯралӣан Франциядаӣы (1302—1789) жоӣарӣы сословиелӠк­ӹкӠлдӠк жиналыс.


            1789 жылы 5 мамырда Версальда Бас штаттар жиналысы ашылды.
        Олар бұрынғыдай үш сословие өкілдерінен тұрды. Үшінші сословие
        депутаттарының  негізгі  бөлігін  ірі  француз  буржуазиясының
        өкілдері құрады.
            Үшінші сословие депутаттары халық қолдауын сезіне отырып,
        шабуылға көшті. Олар өздерін Ұлттық жиналыс деп жариялады.
            1789  жылы  9  шілдеде  жиналыс  мүшелері  өздерін  Ұлттық
        Құрыл тай жиналыс деп жариялады. Парижде көтеріліс орын алды.
        14  шілдеде  таңертең  Париж  көтерілісшілердің  қолында  болды.
        Көтерілістің соңғы қимылы Бастилияны басып алумен аяқталды.
        Бұл  француз  революциясының  және  оның  бірінші  жеңісінің
        бастамасы еді.

             Бастилия — саяси тӯтӧындар, монархия ӧарсыластары торыӧӧан ПариждегӠ
          тас ӧамал. Халыӧ ӭлесӠ ӭшӠн Бастилия корольдыӧ зомбылыӧтыӫ символы болды.

            1789  жылғы  революцияның  басты  саяси  жетістігі  буржуазия
        мен халықтың одақтастығы арқасында абсолюттік билікті құлату
        болды. Басты саяси басқарушы мекеме болып Құрылтай жиналысы
        болып танылды, оған мүше болғандар, негізінен, буржуазия өкілдері

                                                                                     51
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56