Page 50 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 50
болды. Негізгі салық — бұл талья, шаруа меншігінің құнының
1/5-і болатын.
Жалпы, XVIII ғасырдың соңында француз ауыл шаруашылығында
көне, ортағасырлық, жартылай феодалдық қатынастар билік етті.
Дворяндар да, шіркеу де жекеменшік шаруашылық жүргіз-
беді. Тек буржуазия ішіндегі аздаған ірі жер иелері және кейбір
дворяндар батрақтардың жалдамалы еңбегі негізінде және ауыл-
шаруашылығының озық әдістерін қолдана отырып, жеке ша руа-
шылықтарын жүргізуге тырысты.
Кедей шаруалардың шаруашылықтарында жер бұрынғыдай ең
қарапайым әдістермен өңделді. Осының салдарынан егіншаруашы-
лығында өнім төмен болып, елде ашаршылық жағдайы орын алды.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Францияда көптеген ірі қалалар болды. Париж өнеркәсіп пен
байлықтың орталығына айналды.
Мемлекетте дамыған мануфактуралы өндіріс қалыптасты.
Мануфактураның дамуындағы негізгі кедергі цехтық және
мемлекеттік тәртіп болатын. Ішкі нарықтың даму жолындағы негізгі
кедергі — ішкі кедендік жинақтар болды.
Француз буржуазиясы әлеуметтік тұрғыдан біржақты болмады.
Сонымен бірге барлық буржуазия, жалпылай саяси тұрғыдан
құқықсыз болды. Сондықтан буржуазияның негізгі саяси талабы —
дворяндармен саяси тең құқықта болу еді.
Еске тӭсӠр
Француз шаруаларыныӫ ӧандай феодалдыӧ мӠндеттерӠ мен салыӧтары
болды?
Француз абсолютизмінің дағдарысы. XVIII ғасырдың соңында
біріккен ұлттық мемлекет құруда бір кездері елеулі рөл ойнаған
абсолюттік монархия капитализмнің дамуын тежейтін және
дворяндар мен дін қызметкерлерінің көптеген артықшылықтарын
қорғайтын реакциялық күшке айналды.
Шаруалар Францияны арзан азық-түлікпен қамтамасыз еткені-
мен өздері аштықта өмір сүрді. Шаруалар қозғалысы жиі тұтана
бастады.
Ішкі нарықты кеңейту шаруалардың натуралды шаруашылығына
келіп тірелді. Ауылдағы феодалдық қатынасты жою керек болды.
Бұған шаруалар, сонымен қатар буржуазия да мүдделі болды.
Өнеркәсіп пен сауданың еркін дамуына өндірістің кіші цехтық
тәртіптері кедергі келтірді. Буржуазия цехтық құрылымды
жоюды мақсат етті. Буржуазияның негізгі экономикалық талабы
кәсіпкерліктің толық еркіндігі болатын.
50