Page 40 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 40

көтерiлiске  шығуға  және  ондай  билеушiлердi  орнынан  алуға
             құқықты.
                 Дж. Локктың саяси теориясы еуропа континентінің қоғамдық
             ойы на  үлкен  төңкерістік  ықпал  етті.  Бұл  теория  кейіннен
             Ж.Ж. Руссоның еңбек терінде көрінісін тапты. Монтескьенiң деспо-
             тизмге қарсы шыққаны, дiндi сынағаны, бостандықты қорғағаны –
             келесi  ұрпаққа  ерекше  ықпал  жасады.  Ағартушылық  идеялар
             қоғамдық ойдың дамуына әсер етті.
                 Батыс  Еуропа  мен  Солтүстік  Америкадағы  буржуазиялық
             революцияларды  дайындауда  ағартушылықтың  рөлі.  XVIII
             ғасырдың  екінші  жартысындағы  капитализмнің  даму  үдерісі
             жағдайында терең әлеуметтік өзгерістер орын алды.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
                 Буржуазия ең күштi, ең бай және эконо микалық жағынан қуатты
             тап болды. Қанша қуатты болғанымен оның саяси құқығы болмады.
             Мемлекеттiң саясаты оның мүддесiне сай келмедi. Ол өз мүддесiне
             сай келетiн жаңа қоғам орнатуға ұмтылды.
                 Ағартушылық теориялары қоғамдық санада түбегейлі төңкеріс
             жасады.  Америка,  ағылшын  және  француз  революцияларының
             ағартушылық идеялары, ең алдымен, адамдардың табиғи теңдігі
             мен қоғамдық келісім теорияларының негізінде өтті. Мемлекеттік
             құрылысты құлатуға тікелей шақырмағанымен, ағартушылар халық
             санасына қоғамды қайта құру үшін оның еркі мен білімінің жетіп
             жатқандығын сіңірді.
                 ХVIII  ғасырдағы  ағартушылық  кезеңі  Еуропа  халықтарының
             өмiрiндегi iрi құбылыс болды. Ол Еуропа мен Солтүстік Америка
             қоғамының  ортағасырлық  өмiр  салтынан  толық  ажырап,  жаңа
             заманның игiлiктерiн жасауына зор ықпал еттi.

               ПӠкӠрталас

               Ӧӯӧыӧтыӧ мемлекет пен азаматтыӧ ӧоӣам туралы аӣартушылардыӫ
               идеяларын ӧазiргi бiз ӹмiр сӭрiп отырӣан ӧоӣамнан кӹруге бола ма?



               БӠлӠмӠӫдӠ тексер

               1.  Ағартушылық ғасырының қайраткерлерiн білесің бе?
               2.  «Заңдардың рухы туралы» еңбектің авторы кім?
               3.  Еуропалық  билеушілердің  қайсысының  ағартушылық  ұстанымы  өзгеше
                 болды?
               4.  Құқықтық мемлекеттің негізгі бергілері қандай?
               5.  Жұп  болып  талқылаңдар:  Буржуазиялық  революцияларды  дайындауда
                 ағартушылық кезеңнің қандай идеялары әсер етті?



             40
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45