Page 4 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 4

Шартты                                              Алғы сөз
      белгілер:
                                            Құрметті оқушы! Сен 6-сыныпқа біраз
                                        білім  жинап,  сөйлеу  дағдысын  меңгеріп
                                        келдің.  Қолыңдағы  «Қазақ  тілі  мен  әде-

                   – оқылым             бие ті»  оқулығы  сенің  сауатты  сөйлеу,
                                        жазу  қабілетіңді  одан  әрі  ұштай  түседі.
                                        Ал көркем шығарма кейіпкерлері сенімен
                                        сырласады, ой бөліседі, досыңа айналады.

                   – жазылым                Оқулық  13  тақырыптан  тұрады.  Та-
                                        қы рып тарды  бұлай  топтастыру  қоршаған
                                        орта  туралы  түсінігіңді  кеңейтіп,  дүние-
                                        та нымыңды  қалыптастырады.  Тақырып
                   – айтылым            бойынша сен көптеген тапсырма түрлерін
                                        орындайсың.  Ол  шартты  бел гілермен
                                        көрсетілген.  Оқылым  әрекетін де  тірек
                                        сөздер  арқылы  мәтіннің  мазмұнын  мең-
                   – тыңдалым           гересің,  сол  сөздердің  мағынасын  тү сі не-
                                        сің.  Жазылым  жұмысында  жаңа  сөз дер
                                        мен  сөз  тіркестерін  қатыстырып,  сөй-
                                        лем дер  құрайсың.  Сөйлемдерді  дұрыс
                   – сергіту            құрап  толықтырасың  әрі  сөз  тіркестерін
                                        мағынасына қарай сәйкестендіріп жазасың.
                                        Бұл сенің сауатты жазу дағдыңды қа лып-
                                        тастырады. Айтылым әрекетінде сұрақтарға

                   – өзіңді тек сер!    жауап беріп, диалог құрасың, құрбы-құр-
                                        дасыңмен пікірлесесің. Ал тыңдалым ма-
                                        териалдары  сенің  есте  сақтау  қабілетіңді
                                        дамыта отырып, ақпаратты тез қабылдауға
                                        көмектеседі.
                                            Жас дос, «Қазақ тілі мен әде биеті» оқу-
                                        лығы сенің мүмкіндігіңді кеңей тіп, қоғамда
                                        өз  орныңды  табуға  жәр дем деседі  деген
                                        ойдамыз. Біз саған тек сәттілік тілейміз!
                                                                  Құрметпен, авторлар
   1   2   3   4   5   6   7   8   9