Page 5 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 5
1-ТАҚЫРЫП
ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
М.Әуезов. «Абай жолы» романы,
«Қайтқанда» тарауы (үзінді)
1-2-сабақ Отан
1-тапсырма. Өлеңді түсініп тыңдап, негізгі ойды анықтаңдар (1-аудио).
Отан
Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс-кейпін,
Достым, білгің келе ме?
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан – өлкең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Б. Ысқақов
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бере отырып, өлеңнің мазмұны бойынша
кестені толтырыңдар.
кім? ата-ана, ... , ... ,
Отан
не? өлке, ... , ... ,
3-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестен-
діріңдер.
көп аузынан түспеу абыройын асқақтату
түс-кейпі бәрі сөз ету
көтерген көкке түрі
4-тапсырма. «Сен үшін Отан деген не?» сұрағын жақындарыңа қоя
отырып, олардың пікірін жазыңдар. Өз ойларыңмен салыстырыңдар.
Не деді?
Ұстазымыз Ата-анамыз Достарымыз
5