Page 10 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 10
халықтарының 116 тіліне аударылған. «Абай жолын» оқыған
Камерун елінің жазушысы Бенджамин Матип: «Мен бұрын қазақ
деген халықты естіп көрмеген едім. М.Әуезовтің ағылшын тіліндегі
ғажайып кітабын оқып, қазақтың кім екенін білдім. Мен қазақ
халқының тамаша ақыны Абаймен таныстым», – деп таңырқайды.
«Ұлы дала тұлғалары» кітабынан
4-тапсырма. М. Әуезовтің «Абай жолы» романы туралы ғұламалардың
айтқан пікірлері бойынша диалог құрыңдар.
Өз басым шетелдерге сапарға шыққанда, өзіммен бірге «Манас»
пен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» алып жүремін.
Ш. Айтматов
Әлемнің басқа елдерінде онымен тең түсетін шығарма табу қиын.
Бұл, менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі.
Л. Арагон
5-тапсырма. Сызба бойынша бүгінгі тақырыпты қорытынды лап, өз ой-
ла рыңды жазыңдар.
«Абай жолы»
мен М.Әуезов
6-тапсырма. «Менің сүйікті жазушым» тақырыбына эссе жазыңдар.
Талаптары:
• эссе тақырыбының желісінен шықпаңдар;
• әрбір азатжолды жүйелі құрастырыңдар, арасында
байланыс болсын;
• мазмұнын ашатын деректер келтірің дер;
• деректі, дерексіз зат есімдер мен теңеу, эпитеттерді
қолданып жа зың дар;
• көлемі шамамен 90 сөз болсын.
10