Page 15 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 15

Одан  біраз  жер  өткен  соң,  шие  сатып  отырғандардан  ол  үш
        тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп,
        шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре
        берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі.
        Артында келе жатқан бала жерге түскен шиені жерден алып, аузына
        салады. Біраз өткен соң тағы бір шие, сонымен әр жерде әкесінің
        қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең
        соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып:
            – Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп
        көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға сатып алған шиенің жерге
        түскенін  аламын  деп,  бір  еңкеюдің  орнына  он  еңкейдің.  Мұнан
        былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап
        боласың, азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаласың, – деді.
                                                                        Ы. Алтынсарин

                      3-тапсырма. Үлгі бойынша өздерің тест сұрақтарын дайындаңдар. Мәтін
                      мазмұнына сәйкес дұрыс жауабын табыңдар.
                      Үлгі: 1. Әңгіменің басты идеясы не?
                      а) баланың жалқаулығы;
                      ә) еңбек ету;
                      б) әкенің тәрбиесі.


                      4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, диалог құрыңдар.
                      – Мәтінде қандай мақал бар? Оны қалай түсіндің?
                      – Әңгіме авторы саған таныс па?
                      – Мәтін неден басталып, немен аяқталады?
                      – ... ... ?


                      5-тапсырма. Мәтіннен деректі зат есімдерді теріп жазып, олардың ма-
                      ғы насын түсіндіріңдер.
                      Үлгі: Шие                жеміс атауы


                                 КӨПТІК  МӘНДІ  ЕСІМДЕР


                Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның
            жиынын тобымен атайтын зат есімдерді айтамыз. Мысалы: сүт,
            ұн, жүн, ақыл, шындық, алтын, құйын.
                Бұлардан басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді
            білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғи жұп болып келетін зат
            есімдер (аяқ, көз, құлақ, етік, байпақ, кебіс, бәтеңке, шаңғы т.б.).


                                                                                     15
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20