Page 16 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 16

6-тапсырма. Берілген зат есімдерден көптік мәнді есімдерді тауып жа-
                        зың дар. Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
                        Отан, ұлт, зейнеткер, адам, ағайын, халық, әке, бала-
                        бақ ша, қала, жазушы, тіл.


                                   Атаның сөзі – ақылдың көзі

                  Әкесінің  баласы  –  адамның  дұшпаны.  Адамның  баласы  –
              бауырың.
                                                                                     Абай


                         7-тапсырма. Абай аталарыңның сөзін қалай түсіндіңдер? Өз ойларыңды
                        дәлелдеп айтыңдар.


             11-12-сабақ                     Телғара



                         1-тапсырма. Мәтінді түсініп тыңдаңдар (4-аудио). Әңгіме кімдер туралы?

               – Қалашылар, қалашылар келеді!                           Түсіндірме сөздік
               – Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апа-
           сы на айтайыншы, – деді бір қартаң әйел.                     Кемсеңдеу – жы-
                                                                        лам сырау.
               – Бәсе,  Телғара  ғой...  жаным-ау,  мынау...
           Телғара! Әпкеме айтайыншы, – деп, тағы бір жас
           әйел, жеңге де үлкен үйге қарай ұмтылысқан.
               Сағынған  баласының  келер  мөлшерін  Байтас  кеткеннен  бері
           шешесі Ұлжан да есептеп, осы бүгінге ұйғарып жүр еді...
               ...Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. Қатты бір қысып,
           бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскеді. Абайдың әкесіндегі
           тартымды салқындық шешесіне де көптен бергі мінез болған. Бала
           осыдан арғыны күтпеуші еді. Бірақ бауырына басқанның өзінде де
           Абайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір өзгеше жақындық
           білінеді. Ана құшағы!.. Ұлжан көп ұстаған жоқ.
               – Әжеңе  бар,  әнеки!  –  деп,  үлкен  үйдің  алдына  қарай  бұрып
           жіберді. Кәрі әжесі Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен.
               – Жаман  неме,  маған  бұрын  келмей,  әкеңе  кет тің-ау!  Жаман
           неме! – дей беріп, қасына, құ ша ғы на немересі барғанда, «жаман
           неменің» ар ты нан лезде: – Қарашығым, қоңыр қозым... Абай жа-
           ным... – деп кемсеңдеп, жылауға айналып кетті...
                                                                  М. Әуезов. «Абай жолы»

           16
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21