Page 12 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 12
7-8-сабақ «Абай жолы» романы
1-тапсырма. Суреттер мен тірек сөздерді өзара байланыстырып, та қы-
рып не жайында екенін болжаңдар.
Тірек сөздер:
бала Абай
әке
ана
шәкірт
ауыл
сағыныш
Білгенге маржан...
М.Әуезов «Абай жолы» романын алғашында «Телғара» деп
атамақ болған.
Роман дүниежүзі әдебиетінің ең үздік таңдаулы 200 том-
дығына енген.
«Абай жолы» романында 17 мыңнан астам сөз қолданылған.
2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Не туралы айтылған?
Қайтқанда
Осы жиынға екі жолдасынан бұрын түскен Абайдың атын біреу
алып кете берді. Бала көп ішінен, ең алдымен, өзінің шешесін көріп,
соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:
– Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! –
деді.
Шәкірт Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде,
қонақүйдің сыр тында, қасында екі-үш үлкен кісі бар – әкесі
Құнанбай тұр екен. Ың ғайсыздықпен қысылып қалған бала әкесіне
қарай тез бұрыл ды...
...Байтас пен Жұмабай тақай бергенде, Абай да қасына кеп қалып
еді. Үшеуі бірдей жамырай сәлем берді. Құнанбай тез бұрылып
сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Тұрған орнынан
қозғалған жоқ. Баласын қасына да шақырмады. Азғантай уақыт
Абайға қарап:
12