Page 14 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 14
7-тапсырма. Ойтаразы. «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап
беріңдер.
Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды
мәселе қандай болды?
Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс
жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен
тәжірибе алдым? Келешекте пайдаға асыра аламын ба?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?
Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта
қалай сезіндім?
9-10-сабақ Әке көрген оқ жонар
1-тапсырма. Ойқозғау. Әкенің бойында қандай қасиеттер болуы керек
деп ойлайсыңдар? Кластерді толтырыңдар.
қамқор
сыйлы ӘКЕ
2-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар. Мәтіннің стильдік ерекшелігі-
не мән беріңдер.
Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу Түсіндірме сөздік
қайтып келе жатып, жолда қалған аттың ескі
тағасын көріп, баласына: Таға – аттың
тұя ғы на қағатын
– Анау тағаны, балам, ала жүр, – деді. темір.
Бала әкесіне: Аяңдап жүру –
– Сынып қалған ескі тағаны алып не қыла- жай лап, баппен
йын, – деді. жү ру.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре
берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң,
әкесі қайырылып, манағы та ға ны соларға үш тиынға сатты.
14