Page 18 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 18
2-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша пікір алмасыңдар.
3-тапсырма. Өлеңді тыңдап, маз мұнын өз сөздеріңмен жет кі зіңдер
(5-аудио).
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді.
Отанымның өзі сенен басталып,
Жауларыма жеткен жерден бітеді.
Қ. Мырза Әлі
4-тапсырма. Ана сөзін естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді?
мейірімі
АНА
5-тапсырма. Мәтінге тақырып қойыңдар. Неліктен ондай атау берген-
деріңді түсіндіріңдер.
Дүниеде ең тәтті – ананың сүті. Дүниеде ең жұмсақ – ананың
алақаны. Ақ сүт берген, әлпештеген анашым, сіз мен үшін әлемдегі
ең жақын да сүйікті жансыз. Сіздің бізге, яғни балаларыңызға, деген
ана махаббатыңыз шексіз. Дүниеге іңгәлап келгеннен-ақ жүрегіңізге
мейірім ұялап, түн ұйқыңызды төрт бөліп, аман-есен өсіп, адам
болуымызды тілеп жүресіз.
18